Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Асқазан қатерлі ісігінің алдын алыңыз

25.11.2024

218 0

Бүгінде асқазан қатерлі ісігі ең жиі кездесетін ауру. Асқазан рагы – асқазанның ішкі қабығын құрайтын жасушалардың қатерлі ісікке айналуынан туындайтын ауру. Ерте кезеңде  асқазан рагы белгілері байқалмауы мүмкін. Сондықтан мұндай диагноз қоюда қиындықтар кездеседі.

Асқазан қатерлі дертінің пайда болуына һelicobacter pylori инфекциясы, яғни асқазанның созылмалы қабынуы, яғни гастрит, полиптер немесе асқазан жаралары, генетикалық бейімділік, тамақтану әдеттері, оның ішінде тұздалған, ысталған және консервіленген тағамдарды жиі тұтыну, шылым шегу және алкогольді тұтыну – асқазанның шырышты қабығына кері әсер етіп қатерлі дертті тудырады.

Науқас адамда қатерлі дерттің белгісі барын тек медициналық тексеру нәтижесінде толыққанды анықтауға болады. Кейде тамақтан кейін асқазанда ауырсыну немесе жайсыздық, жиі қыжыл, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту, құсу немесе нәжісте қанның пайда болуы, әлсіздік, тез шаршағыштық асқазан рагының белгісі болуы мүмкін. Медицинада асқазан рагын анықтау үшін бірнеше тәсіл қолданылады. Оның ішінде гастроскопия – асқазанның ішкі қабатын көру және қажет болған жағдайда биопсия алу, биопсия арқылы алынған тіндердің қатерлі ісік жасушаларын тексеру, КТ немесе МРТ арқылы ісіктің орналасуын және таралуын анықтау және қан анализімен рактың маркерлерін тексеруге болады. Қатерлі ісік дертіне шалдыққан науқастарға ісік дәрежесіне қарай хирургиялық жолмен  ісікті немесе асқазанның зақымдалған бөлігін алып тастау, рак жасушаларын жою үшін химиялық препараттарды қолдану, рак жасушаларын сәулелендіру арқылы жою, иммундық жүйені қатерлі ісікпен күресуге ынталандыру сынды ем шаралар жасалады.

Адам денсаулығы ең басты байлық. Мұндай қатерлі дертке шалдықпас үшін әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Көптеген аурулар сынды асқазан қатерлі ісігінің алдын алу үшін дұрыс тамақтану (жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көп тұтыну), шылым мен алкогольден бас тарту, хеликобактер пилори инфекциясын дер кезінде емдеу, тұзды, майлы және ысталған тағамдарды шектеу, асқазанның созылмалы ауруларын дер кезінде емдеу қажет. Егер сізде жоғарыда аталған белгілер байқалса, уақыт оздырмай дәрігерге көрініңіз. Ерте анықтау емнің сәтті болу мүмкіндігін арттырады.

Жамила Таджимбетова

№6 Қызылорда қалалық емханасының онколог мейірбикесі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: