Жұма, 26 сәуiр, 21:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Pfizer» вакцинасына сұраныс көп

02.12.2021

1101 0

Қызылорда облысы бойынша 25 қарашада коронавирус инфекциясымен 13 жағдай тіркелді. Оның 7-еуі симптомды, 6-ы симптомсыз. Бүгінде 13 науқастың 4-і инфекциялық стационарда, 9-ы үй жағдайында бақылануда. Соңғы мәлімет бойынша, 21 науқас емделіп шықты. Қазіргі кезде Қызылорда облысы жасыл аймақта тұр. Дегенмен қауіп әлі де бар.

Елімізде «Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен емізулі аналарға ерікті түрде салынуда. Оларды дәрігерлер жан-жақты тексеруден өткізіп, қарсы көр­сетілімдері болмаған жағдайда екпе егуде. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 31532 жасөспірім, 3390 жүкті әйел мен 6662 бала емізетін анаға «Pfizer» вакцинасы салынады деп жоспарлауда. Ал Қызылорда облысы бойынша, бүгінде «Pfizer» вакцинасын 3805 адам салдырды. Мамандардың айтуынша, вакцина салдыруға жүкті келіншектердің арасында сұраныс көп екен.

Осыған дейін бұл вакцинаны шетелдіктер қолданды. Мәселен, Израиль, Франция,  Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Швеция, Ұлыбритания,  АҚШ тағы басқа дамыған елдерде  алғаш балаларға салынды. Қарсы көрсеткіштеріне 12 жасқа дейінгі балалар, жүктіліктің 16 аптасына дейінгі кезең, вакцина компонентіне аллергиялық реакциясы бар адамдар кіреді. Қазіргі кезде «Pfizer» вакцинасын салу  оқу орындар мен емханаларда жүргізілуде. Әрбір бала алғашқы 30 минут медициналық бақылауда болып, 3 күн бойы ата-анасы немесе заңды өкілі арқылы жағдайы бақылауда болады. 

Бүгінгі күннің басты мәселесі жүкті келіншектер мен балаларға салынатын вакцинаның қауіпсіздігі болып тұр. Бұл ел арасында қатты талқыға түсуде. Ата-аналардың басым көпшілігі баласына вакцина салдыруға қорқып, күмәнмен қарап жүр. Дегенмен әлеуметтік желілерде белсенді ата-аналар баласының денсаулығы үшін вакцина салдыруға келісіп, вакцина алған баласының суретін жарыса салуда.  Әзірге ешқандай теріс әсері байқалмайды. Бұл да өзге ата-аналарға ой салары анық. Сіз де балаңызға вакцина салдырасыз ба?

А.ҚАДЫРХАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: