Дүйсенбі, 25 қараша, 00:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ауызсу сапасы бақылауда

01.04.2024

551 0

Қызылорда облысы тұрғындарының 98,2% – орталықтандырылған ауыз су жүйесімен,1,7% – орталықтандырылмаған сумен және тасымалды ауыз сумен 0,1%  қамтамасыз етілген. Жалпы облыс  бойынша негізінен жер асты су көздері пайдаланылуда.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 205 сумен жабдықтау объектісі бар, оның ішінде: 182 орталықтандырылған жүйелердің су құбырлары және 23  орталықтандырылмаған сумен жабдықтау объектілері.

2024 жылдың 1-ші тоқсанындаорталықтандырылған сумен жабдықтау объектілеріненмикробиологиялық көрсеткіштеріне 660 су сынамасы алынып, оның 1-еуі талаптарға сәйкес келмеді, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы 0,15 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Қызылорда қаласында анықталды).

Ауыз судың санитарлық-химиялық көрсеткіштерінее 660 сынама алынып, оның 13-нде сәйкессіздік анықталды, сай келмейтін сынамалардың үлес салмағы 1,97 пайызды құрады (талаптарға сай келмейтін су сынамалары Жалағашауданданында және Қызылорда қаласындаанықталды). Санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік көбіне: сульфаттар, құрғақ қалдық, хлоридтер, кермектілік бойынша  нормадан жоғары анықталды.

Облыс көлеміндегі барлық орталықтандырылған  сумен жабдықтау объектілерінде  жуу тазалау және дезинфекциялау жұмыстары толығымен жүргізілді.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: