Жексенбі, 24 қараша, 04:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бала кезінде алған екпелер өмір бойына инфекцияларға қарсы иммунитеттің негізін қалыптастырады

15.05.2023

689 0

Бүгінгі таңда вакцинация заманауи медицинадағы үздік жетістіктердің бірі болып табылады.
Қазақстанда вакцинация жүргізудің нәтижесінде табиғи шешек ауруы толығымен жойылғаны осыған дәлел.
ДДҰ бағалауы бойынша, иммундау жыл сайын 2-ден 3 миллионға дейін өлім жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді. Вакцинациялаудың нәтижесінде, қызылшадан болатын жыл сайынғы өлім-жітім саны әлем бойынша 3−7 млн. бастап кем дегенде 100 мыңға дейін төмендеген.
Бірақ, бұған қарамастан, кейбір тұрғындар жалпы профилактикалық шаралармен амалданып, өздерін және балаларын вакцинациялау қажеттілігінен күмәнданып қорқады.
Қазақстанда, вакцинациямен қамтылудың үлкен көлеміне қарамастан, түрлі себептермен вакцинацияға келмейтін халықтың бөлігі бар, бұл инфекциялық аурулардың таралуына әкеліп соғуы мүмкін.
Дене шынықтыру, спорт, дұрыс тамақтану және т.б. иммунитетті көтеретіні анық, бірақ спецификалық инфекция қоздырғышынан үнемі қорғай алмайды. Мысалы, қызылша ауруының қоздырғышымен кездескен кезде екпе салынбаған адамның 95%-ы сырқаттануы мүмкін.
Бала кезінде алған екпелер өмір бойына кейбір инфекцияларға қарсы иммунитеттің негізін қалыптастырады. Вакцинаны салған кезде иммунитет қалыптаса бастайды, ерекше антиденелер пайда болады. Олар әр ауру қоздырғышына жеке қарсы тұрады және кездескенде оларды жылдам әлсіздендіріп, аурудың дамуына жол бермейді.
Сонымен қатар, кейбір вакциналар белгілі уақыттан кейін нығайтушы екпелерді қажет ететінін айта кету керек, өйткені уақыт өткен сайын иммунитет әлсірейді және қорғаныс қабілеті жеткіліксіз болады. Әрбір қауым мүшесі вакцина сала отырып, инфекциялардан өзін ғана емес өзгелерді де қорғайтынын түсінуі қажет.
Ата-аналар өз балаларына жауапты, бұдан бөлек басқа да жауапкершілікті ұмытпаулары қажет – екпе салынбаған бала басқа балаларға қауіп төндіруі мүмкін. Көптеген тұрғындардың ақылмен шеше білуі көптеген инфекциялық аурулардың таралуына жақсы тойтарыс береді.Осыған байланысты, кейбір мемлекеттердегі мектептерде және мектепке дейінгі мекемелерде вакцина салдырмаған балаларды қабылдамайды, оны былайша түсіндіреді: «Вакцина салдырғыңыз келмесе балаңызды дербес мектепке апарыңыз, әйтпесе сіз тек өз балаңызға ғана емес, басқа балаларға да қауіп төндіруіңіз мүмкін».
Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығына қатысты дұрыс шешім қабылдаңыз! Вакцинация ала отырып, әр адам қоғамдық денсаулықты сақтауға және нығайтуға үлкен үлесін қосады.

Динара Жанабергенова,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: