Жұма, 29 наурыз, 10:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Аллерголог қаңтарда неліктен аллергия қозатынын айтты

06.01.2023

496 0

Жаңа жыл мерекесінен кейін дәрігерлер қарбалас жұмысқа кіріседі. Себебі,  мұздан тайып құлаған, тұмау және ЖРВИ болған, күйзелістен туған созылмалы ауруларды өршіген адамдар саны көбейеді. Бірақ адамдарға әсер ететін тағы бір мәселе бар – бұл аллергияның өршуі.

Көбісі аллергия көктемде және күзде пайда болады деп қателеседі. Бірақ адамдар «Қаңтар аллергиясының» бар екенін білмейді. Осы орайда жоғары санатты аллерголог-иммунологы Оксана Шабалина аллергия туралы айтып берді.

Қыста неге аллергия қозады?

«Жаңа жыл мерекеі созылмалы аурулардың басталу уақыты», – дейді доктор Шабалина.

Мұның бәрі қантты және зиянды тағамдарды шамадан тыс тұтынудан туындайды. Өзіңізге ләззат алудан бас тарту және бір-екі тілім мандарин, жаңа жылдық сыйлықтан бір кәмпит жеу немесе мерекелік дастарханда артық тамақтанбау өте қиын. Демалыс кезінде шамадан тыс және бақылаудың болмауы аллергияның өршуіне алып келеді.

Аллергияны тудыратын тағамдар:

• шарап;

• ірімшік;

• ысталған ет және балық тағамдары;

• ашытылған қырыққабат;

• майонез;

• қыша;

• цитрус жемістері;

• шоколад;

• жаңғақтар;

• қызанақ;

• құлпынай.

Алкоголь бұл өнімдердің ішекте тез сіңуіне ықпал етеді, сондықтан аллергиялық реакция жылдам пайда болады.

Тағы не аллергенге айналуы мүмкін?

Қыста, әсіресе мерекелер алдында, аллергиялық риниттің өршуі мүмкін. Және бұл орманнан әкелінген шыршаға байланысты. Суықта ағаштар әдеттегі ортада өссе, ауаға биологиялық белсенді қосылыстарды көп шығармайды.

Бірақ үйге әкелгесін, оларға жазда және көктемде жабысып қалған шаң-тозаң ұша бастайды. Ағаш үйде неғұрлым ұзақ болса, аллергендермен байланыс соғұрлым арта түседі.

Шаң кенелері

Қыста үйде көп уақыт өткізіп, тазалау жұмыстарын жүргізгенде ауаға көп мөлшерде шаң көтеріледі. Шаң кенелері құрғақ және ыстық бөлмеде белсенді түрде көбейеді. Бұл реакциялардың өршуіне әкелуі мүмкін.

Жаңа косметика, парфюмерия, тұрмыстық химия

Отбасы немесе достары сыйға алған жаңа косметикаға немесе парфюмерияға реакциялар болуы мүмкін. Сондықтан әрқашан алдын ала сынақтан өту маңызды. Мереке алдында және келесі күндерде тұрмыстық химия заттарымен жиі және ұзақ байланыста болған кезде де реакциялар пайда болуы мүмкін.

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: