Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ботулизм ауруының алдын алу шаралары

04.09.2023

465 0

           Қазір қыс мезгіліне көкөністер мен жеміс-жидектерден салаттар, тұздықтарды дайындау (консервілеу) маусымы басталды. Осы ретте үй жағдайында сапасыз әзірленген консервілер уақыт өте келе бұзылып, ондай өнімдерді тұтыну салдарынан кейбір тұрғындар ботулизм ауруына ұшырауы мүмкін.

          Осыған байланысты, Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботулизмнің алдын алу үшін үйде консервілеу кезінде барлық ережелерді қатаң сақтау керектігін еске салады.

         Ботулизм улы ботулотоксиннің әсерінен жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын нерв жүйесінің зақымдануымен жүретін аурудың ауыр түрі, уақтылы емдеу мекемесіне қаралмау нәтижесінде тез арада өлімге әкелетін тамақтан уланудың бір түрі.

Ботулизмнің қоздырғышы clostridium botulini анаэробты жағдайда көбейеді және улы ботулотоксин бөледі. Аурудың ерте белгілеріне аз уақыт ішінде байқалатын тамақтан улану симптомдары жатады (жүрек айну, құсу, бас ауру), әрі қарай бұл ботулизм ауруына, тән, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы белгілеріне ауысады.

       Адамның ағзасының улануы көбінесе үй жағдайында технологиялық әзірлеу талабы сақталмай әзірленген азықтарды: баялды (баклажан), қияр, саңырауқұлақ, балық, салаттар, шұжықтар, қақталған балықтарды т.б. пайдаланғаннан болады.

         Ботулизмнің негізгі симптомдары, клиникалық көріністері:

  • көздің көруінің нашарлауы, бұлыңғырлану;
  • сілекей секрециясының бұзылуы, ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, шашалып қалу, көмейінде бірдеңе тұрып қалғандай сезіну;
  • дауыс желбезегінің зақымдануы, мұрыннан сөйлеу, тілінің күрмеленуі;

тыныстың бұзылуы.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботулизмнің алдын алу бойынша келесі сақтық шараларын ұсынады:

  • сатып алынған өнімдерді топырақтарын тазалап, ағынды судың астында бірнеше рет тазалап жуу қажет;
  • банкілерді, қақпақтарды стерилизациялау әдісіне аса назар аудару қажет;
  • өнімдерді консервілеудің режимін сақтау, уксус немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдалану;
  • қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыққан банкілерді жедел түрде жою қажет, тіпті дәмін де татудың қажеті жоқ;
  • үй жағдайында консервіленген көкөністерді, жемістерді және саңырауқұлақтарды пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
  • көшеден кездейсоқ сатушылардан үй жағдайында дайындалған салаттар мен консервіленген тағамдарды сатып алмау.

          Ботулизмнің алғашқы белгілері айқындалса  тезарада медициналық көмекке жүгініңіз, бұл Сіздің денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалады!

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті бсшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: