Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Cәбит Ахметов: «Қарағандының медициналық мекемелеріндегі менеджмент өзге өңірлерге үлгі»

27.06.2023

553 0

Осакаровка ауданының тұрғындары кез келген медициналық қызметті алу үшін облыс орталығына сабылмайды. Өйткені аудандық орталық аурухананың ұсынып отырған мүмкіндігі қалалық жердегі медициналық ұйымдардан кем түспейді. Зертханалық және диагностикалық зерттеулердің барлық түрі МӘМС шеңберінде көрсетіледі. Қор басшысы Сәбит Ахметов мұнда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды емдейтін гемодиализ орталығын оң бағалады. Сонымен бірге Қарағанды облыстық, қалалық мекемелерінде болып, жүйелі жұмыстарына тәнті болды.  

Айта кету керек, бұл Сәбит Ахметовтың медициналық қоғамдастық мәселелерімен танысу мақсатында өңірлерге жасаған төртінші жұмыс сапары.

Қор басшысы алдымен Осакаровка аудандық орталық ауруханасына ат басын бұрды. Онда 2020 жылы ашылған Нұра және Осакаровка аудандарының созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарын емдейтін гемодиализ орталығын көрді. Сондай-ақ аудандық аурухананың материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсарғаны тілге тиек етілді. Атап айтар болсақ, былтыр құны 184 млн теңге болатын КТ аппараты орнатылып, штаттық режимде жұмыс істеуде және италиялық рентген аппараты, зертханалық қызметтердің барлық түрі бар. Бір сөзбен айтқанда, жергілікті азаматтардың бір жерде ем алуына жағдай жасалған.

Мекеме басшысы Ольга Травнева ауылда қариялардың басым екенін, ал жастардың қалаға кетіп жатқанын қынжыла жеткізді. Бұрын емханаға 60 мың адам тіркелген болса, қазір жартысына жуығы ғана қалған. Одан кейінгі мәселе – коммуналдық қызметтер төлемінің жоғары болуы. Бұған жергілікті атқару органдары атсалысуда.

Ізінше медсақтандыру қорының төрағасы Теміртау қаласының орталық ауруханасын аралады. Медициналық ұйымда 8 бөлімше жұмыс істейді әрі олардың бәрі толық жабдықталған. Өткен жылы аурухана өз қаражаты есебінен құны 25 миллион теңгеге жылжымалы рентген аппаратын сатып алды. Сондай-ақ мұнда зертхана, УЗИ, КТ және МРТ бар. Ал қарқынды ем бөлімшесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Ол жерде науқасқа жедел көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Бар-жоғы 5 минутта керек мамандар жетіп, жабдықтарды іске қосады.

Ұйым басшысы Самат Кенжибаев әңгіме барысында аурухана көп адамды қабылдайтындықтан, қабылдау бөлмшесінің тарифін көтеруге ұсыныс айтты. Бұған Сабит Ахметов қазір тариф көтеру жағы қарастырылып жатпағанын және емханалар толыққанды жұмыс істеу керек екенін баса айтты. Пациенттерді тәуліктік стационарға жөн-жосықыз жібере бермей, өздері қарап, емдеу керек деді.

Ал Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының құрамына                   7 орталық кіреді. Атап айтар болсақ,  хирургиялық, терапевтік, инфекциялық, тері-венерологиялық, 2 перинаталдық орталық, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығы.

«Облыстық клиникада кешенді медициналық ақпараттық жүйе интеграциясы жолға қойылған. Бұрын қызметкерлер екі жүйеге кіріп, препараттарды қолмен есептеп шығуға мәжбүр болды. Бұл олардың жұмысын едәуір қиындатты. Жүйелердің көмегімен «Құжат» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс процестері оңтайландырылды», – деді облыстық клиникалық ауруханасының директоры Ержан Нұрлыбеков.

Ары қарай Қор басшысы №15 қалалық емханаға, көпшілікке «VIAMEDIS» деген атаумен танымал клиникаға барды. Емханада 29 дәрігерлік учаске және 70 төсекке есептелген күндізгі стационар жұмыс істейді. Осы жылдың қаңтарында емханада консультативтік-диагностикалық бөлімше ашылды. Онда пациенттер МӘМС аясында мамандандырылған медициналық қызметтерді ала алады. Мекеме басшысы Роза Разиева сәулелі диагностика бөлімшесіне 380 миллион теңгеге қажетті құрал-жабдықтарды сатып алғандарын айтты. Онда КТ, МРТ, УЗИ, флюрография, италиялық мамограф орналасқан.

«Невропатолог, кардиолог, гастроэнтеролог сынды салалық мамандарға кезек көбіне қалалық жерлерде болады. Ауылдық жерлерде мұндай мәселе жоқ. Бұны аймақтарға іссапарлар барысында байқадым. Біріншіден, ауылдарда халық саны ондай көп емес. Екіншіден, аудандық емханалар жұмысты жолға қойып, басқару жүйесін реттеді. Қазір қалалық және облыстық ұйымдарда да жұмысты жүйелі жолға қоюда. Бұрын азаматтар ұзын-сонар кезекте сағаттап отырса, қазір дәрігерге алдын ала жазылылып, уақытылы кіруге дағдыланып келеді», – деді журналистерге берген сұхбатында Қор басшысы Сәбит Ахметов.  

Іс-сапар соңында Қор басшысы аудандық және қалалық медициналық ұйымдардың басшыларымен алқалы жиын өткізіп, қаржыландырудан бастап, медициналық жұмысты ұйымдастыру бойынша келелі мәселелерді талқылады. Айта кетерлігі, кездесу еркін диалог форматында өтті.  Дәрігерлер толғандыратын сұрақтарын қойып, Қор сарапшыларынан жауап алды.

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы дәрігерлерді келе жатқан мерекемен құттықтап, қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, зор денсаулық пен табыс тіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: