Бейсенбі, 28 наурыз, 14:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Covid-19: Қауіп әлі де бар

01.02.2022

564 0

Өңірде коронавирус инфекциясы анықталғаннан бастап індет жұқтырған 23707 адам, 90 проценті жазылды.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері коронавирус инфекциясын жұқтырудың барлығы 4176 жағдайы анықталды. Пандемия басталғаннан бергі облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш 399, бұл жағдай 19 қаңтарда тіркелді.

30 қаңтардағы жағдай бойынша, 55 жағдай тіркелді. Олардың басым көпшілігінде клиникалық белгілері анықталған жоқ.

Бүгінде елімізде ревакцинациялау мен «Pfizer» вакцинасын салу қарқынды жүзеге асуда. Атап айтсақ, 15 қараша мен 28 қаңтар аралығында «Pfizer» вакцинасын алғандар саны 25908 адамға жетті. Оның ішінде 21583 жасөспірім, 1669 жүкті келіншек, 2651 босанған әйел мен 5 басқа топтағы адамдар салдырды.

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС:

Қыс түсіп, күн суыған бетте көпшілігіміз тұмаудың шырмауына түсіп, шырқымыз бұзылатыны бар. Кейбіріміз алғашқы белгілерін байқасақ та, нендей шара қолданарымызды білмейміз. Сонымен тұмаудан қалай тез айығуға болады? Оның алдын алу үшін не істеу керек?

Тұмау – вирустардан туындайтын өткір инфекциялық ауру. Адамнан – адамға жұғып, өте тез таралатын қаупі бар. Вирустар жыл сайын мутацияға ұшырап, жаңа эпидемиямен келеді.

ӨЗІҢЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ?

Симптомдарды оңай өткеру бәріміздің қолымыздан келеді.

Сусынды көбірек ішіңіз. Ең дұрысы – шөп шай мен кептірілген жемістерден жасалған компот. Бір ғана шыныаяқпен шектелмей, мейлінше көбірек сусын ішуге тырысыңыз. Сұйықтық қысымның түсуіне көмектесіп, мұрынның бітелуінен сақтайды және тамағыңыздың ауруын жеңілдетеді.

Бөлмені желдетіп тұрыңыз. Таза ауа – инфекцияның жауы, әрі сіздің демалуыңыз жеңілдей түседі.

Ауа ылғалдылығын сақтаңыз. Ауа ылғалдылығының қолайлы көрсеткіші – 40-60%. Мұндай температурада тамақ кеуіп, мұрыннан су кетпейді. Яғни вирустардың шабуылы төмендейді.

Демалу жолдарының бітелуін тұз қосылған сумен шайып, артынан тамыр тарылтқыш дәрілер қолданған дұрыс.

Жөтелді жеңілдету үшін муколитик-дәрілер қолданылады. Оның қайсысын қолдану керектігі жөнінде дәрігермен ақылдасу қажет. Себебі жөтелдің де, оның емінің де бірнеше түрі бар. Ал тамақтың ауруы мен асқынуына ас содасы, түймедақ қайнатпасы, фурациллин секілді дәрілермен тамақты жиі шайып тұру керек.

Ақмарал ОЛЖАБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: