Жұма, 26 сәуiр, 23:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада полицейлер коронавирус вакцинасын салдыра бастады

13.03.2021

1312 0

Қызылорда облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері коронавирус инфекциясының екпесін салдыра бастады.Бұл бойынша ұйымдастыру шаралары облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен келісілген.

Аталған шара қалалық №1, 3 және 6 емханаларда жүргізіліп жатыр. Облыс орталығындағы №6 емханада Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылары бастаған жеке құрамы «Спутник V» вакцинасын салдырды. Алғашқы кезекте екпе учаскелік полиция инспекторларына егілді.

Олардың негізгі қызметі – халықпен тығыз қарым-қатынаста, тікелей байланыста болғандықтан тәртіп сақшылары осындай шешім қабылдады. Вакцина салғаннан кейін полиция қызметкерлерінің жағдайы дәрігерлер бақылауында болады.

Қазір олардың денсаулығы бірқалыпты. «Коронавирус вакцинасы саллына бастағанын хабарлаған кезде мен оны бірден алғым келетінін айттым. Біз, полицейлер, сондай-ақ медицина қызметкерлері азаматтармен тығыз байланыстасыз.

Күн сайын халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, күні-түні алдыңғы шептеміз. Вакцина алу менің денсаулығыма ғана емес, айналамдағылардың саулығы үшін де қажет», – деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Бөрібаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: