Сейсенбі, 19 наурыз, 16:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№23(2033)
19.03.2024
PDF мұрағаты

Екпе салдыру өз еркіңізде

26.01.2021

1462 0

вакцинациялау ақпанда басталады

Биыл ақпан айынан бастап  Қазақстанда ерікті түрде вакцина­циялау басталатыны хабарланған болатын. Вакцинациялау шарасына аймақтағы дайындық жұмысы қалай? Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұл сұрақтың жауабы айтылды.

Брифинг спикерлері алдымен облыстағы Covid-19 вирусы бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы айтты. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов бүгінгі күнге дейін 3544 науқас, оның 9-ы жексенбіде тіркелгенін жеткізді. Жалпы вирусты жұқтырған науқастардың 96,6 проценті емделіп шыққан. Қазіргі таңда инфек­циялық стационарда 38 науқас бар, оның 4-і жан сақтау бөлімінде. Өткен жылдың желтоқсан айында вирус жұқтырған 98 адам тіркелсе, бұл биылғы жылдың алғашқы айында 60 адамға көп.

Сонымен қатар 1 ақпанда басталатын вак­цинациялау шарасына тоқталды. Алғашқы кезеңде Ресейдің «Спутник V» вакцинасын медицина қызметкерлері, педагогтар мен күштік құрылым қызметкерлері ерікті түрде салдырады.

– Вакцина сақтау қоймасы қалалық №6 емхана базасында жасақталған. Вакцинаны сақтау үшін 3 тоңазытқыш сатып алуға конкурс жарияланды. Жоспар бойынша І кезеңде вакцинациялауға қажетті 80 мың доза сатып алу жоспарлануда. Барлық медицина ұйымдарында егу жұмыстарына дайындық жүргізілуде. 80 мың доза вакцина салуға іріктелгендердің ішінде 8,4 проценті медицина қызметкерлері, 23,5 процент педагогтар, 56,7 проценті жұқтыру қаупі неғұрлым жоғары созылмалы аурулары бар контингент, 10,3 процент студенттер, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Бексейітұлы.

Бүгінгі таңда облыстағы медицина ұйымдарында «Спутник V» вакцина­сын қабылдау, тасымалдау және егу жұмыстары алго­ритмі мен вак­цина­ция­лаудағы көрсет­кіш­тер­ тақырыбында 65 жауап­ты маманға семи­нар өткен.

– Эпидемио­логия­лық ахуал күр­деленіп, ауру жұқтырғандар саны өсуде. Вак­цина салу ар­қы­лы жұқпалы ау­ру­лардың алдын алу­­­ға болатынын тұр­ғын­дарға түсіндіруі­міз қа­жет. Ресейлік вак­­цинаны қазір әлемнің да­мыған 38 елі пайдалан­бақшы. Бүгінгі күнге дейін қолданғандарда ешқандай кері әсері белгілі болған жоқ. Сол үшін халықтың жалған ақпарат жете­гіне ермегені жөн. Болжам бойынша ақпан айының ортасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың ең жоғарғы деңгейіне жетеміз деген болжам бар. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтап, егу науқанын қорқынышсыз қарсы алған жөн, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бас­шысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Брифинг бары­сын­да қойылған сауал­­дардың бірінде Сәбит Пазылов та, Әлия Әбді­қайымова да вакцина сал­дыруға қарсы еместігін және қарсылық біл­дірген мамандарға еш­қандай қысым көрсетіл­мейтіні айтылды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде тарап кеткен барлық жерде «Вакцина паспорты» арқылы жүріп-тұратыны туралы ақпарат жалған екенін, өңірде вакцина салдырмауға қатысты ешқандай шектеу шаралары қабылданбайтыны айтылды.

Ал «10 жастағы пневмониямен ауруханаға түскен бала қайтыс болды» деген ақпарат жайлы облыстың бас дәрігері айтып өтті.

– 10 қаңтарда ауруханаға келіп қаралған, жағдайдың ауырлығына байланысты келесі күні облыстық инфекциялық ауруханаға жат­қызылған. Алайда ПЦР тестілеу теріс нәтиже бергендіктен, 19 қаңтарда балалар ауруханасына ауыстырылған. Дәрігер көмегіне тым кеш жүгінгендіктен жүрегі, өкпе мен бауырына зақым келген. Ем­деу барысында лейкоз ауруына күмән болып, республикалық мамандардың кеңесіне жүгінген. Нәтижесінде лейкоз ауруы жоққа шығарылған. Екі рет ПЦР тест алынып, теріс нәтиже көрсеткен. Дегенмен баланың жағдайы жақсармай, 24 қаңтарда «өкпе мен жүрек жетіспеушілігі» диагнозы бойынша қайтыс болды, – дейді облыс­тық денсаулық басқармасының басшысы.

Ал облыстық білім басқармасының бас­шысы Ақзира Қасымова оқушының онлайн режимде білім алғанын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: