Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ертеңнен бастап вакцина салдырғандар есепке алынады

31.03.2021

1320 0

1 сәуірден бастап елімізде вакцина салдырғандардың санын білуге болатын есептеу жүйесі іске қосылмақ. Соның арқасында қазақстандықтар қанша адамның вирусқа қарсы екпе салдырғанын біле алады. Бұл туралы alau.kz ақпараттық порталында жазылған.

          Жаңа есептеу жүйесі елімізде вирус жұқтырғандар туралы нақты мәлімет беретін статистикалық көрсеткіш үлгісімен жүзеге асырылады. Онда республиканың әр облыс, қала, ауданына жеткізілген вакцина көлемі мен екпе салдырғандардың саны көрсетіледі. Бұл туралы ақпаратты ертеңнен бастап Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы сайтынан көруге болады.

          Қазіргі таңда елімізде коронавирусқа қарсы вакцинацияның бірінші кезеңінде «Спутник V» екпесін салдырғандар саны 110 мың адамнан асса, екінші кезеңінде 25 мың қазақстандық екпе салдырған. Ал жыл соңына дейін 6 млн адамға екпе салу жоспарлануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: