Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР ҒАЖАЙЫП!

02.11.2021

1010 0

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ

 тарапынан жарияланған байқауға»

Мен әжемнің қызымын. Ұлағатты жан әрқашан өмірден түйгендерімен бөлісіп отырады. Бірде маған қоғам кеселіне айналған есірткінің зардабы, ұсталған қылмыскерлер туралы айтып берді.

Расымен де, есірткі жассың ба, арманың бар ма, алға қойған мақсаттарыңа қалай жетесің мұның бәрін ойлауға мұрша бермей елітіп әкететін дерт. Есірткіні бір қолданған адам қайта қолданғысы келеді. Себебі никотиннің құрамында адам ағзасы қажет етіп тұратын заттар бар. Ал оның денсаулыққа зияны туралы жазылып та, айтылып та жүр. Ағзаға түскен некотин барлық органның жұмысына кері әсерін тигізеді. Бастапқыда білінбегенімен кейін зардаптарын тартуы мүмкін. Тіпті көп жағдайда өлімге апарады.

Бірде телеграммадан маған «Сағыныш, Спайс сені сүйеді. Оның саған сыйлығы бар. Алғың келсе мына сілтемені бас» деген хабарлама келді. Спайс деген кім тағы? Ол мені қайдан біледі?! деп таң қалдым. Сілтемені басып, сайтқа кіріп кеттім. Ішіндегі орысша жазбалардан дұрыс ештеңе түсінбедім. «Бұл сенің таңдауың», «Өкінбейтін боласың» деген мағынада сөздер көп екен. Әлгі хабарлама келген нөмір маған «адрес берсем сыйлық алуға келесің бе?» деп жазды. Одан сайын зәрем ұшты. «Жоқ! Бармаймын!» деп жаздым да бұғаттап тастадым. Кейін ғаламтарға спайс деп жазсам адамның аты емес есірткінің бір түрі екенін білдім. Жасөспірімдерді осылай арбап шақыратынын түсіндім.

Маған әжемнің қасындағы шуақты күндер көп ұнайды. Есірткісіз өмір ғажайып. Оны әрбір жас өспірім жүрекпен түсуі қажет. Біз әжем екеуміз әрбір сәтті ерекше өткіземіз. Бірге ас дайындап, бірге тігін тігіп, бірге серуендейміз. Жақын жандарымыздан айыруға ешнәрсеге жол бермейік.

Синтетикалық есірткілердің ішіндегі ең қауіптісі каннабиноидтар – яғни спайс. Бұл есірткі түрі адамды өзіне тәуелді етеді. Спайс – синтетикалық есірткі. Елімізге Қытайдан жеткізіледі екен. Бұл өнімді сатушылар оларды дәмдеуіші бар қоспа, «легалка» деп те атайды екен. Қауіптілігі адам ағзасын тез бұзып, бейімдейді. Спайс құрамында психобелсенді әсер беретін шөптер бар. Әсіресе, шалфей, көк лотос, гавайлық раушан гүлі. Ұнтақта қарасорада бар көрінеді. Көрші елдерде «спайс», «дизайнерлік қоспа» деген синтетикалық наркотиктерге қатаң тыйым салынған.

Біздің елде де жарнамасы жасырын, зардабы алапат бұл кеселмен қатаң күрес жүргізіліп келеді. Есірткімен қарсы күреске сенде үлес қоса аласың. Ол үшін әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен сөйлеспе, пәндік чаттардан басқа чатқа қосылма. Сілтемелерге өтерде абай бол, түсініксіз сайттарға кірме. Сонда сенің өмірің жарқын жаққа бағыт алады.

Сағыныш ТӨЛЕНБЕКОВА,

Б.Ермекбаев атындағы

№271 орта мектеп оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: