Жексенбі, 05 қаңтар, 08:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

«Горилла ішкеннен кейін асқазаны тесілген»: Дәрігер

03.01.2025

364 0

Сурет: azattyq.ruhy

Желіде ақхалат киген дәрігердің ота жасайтын бөлімде түсірген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәрігер адам шошырлық жағдай туралы айтып, энергетикалық сусынның зияны туралы кезекті рет ескертті.

Желіде таралған видеода энергетикалық сусын ішкен адамның асқазаны тесілгені туралы жазылған.

«Таңертең 16 жастағы бала жедел іштің ауырсынуымен түсті. Өзінің айтуынша, жаңа жыл түні екі горилланы (энергетикалық сусын) қатарынан ішкен. Одан іші бір күн ауырған. Содан бізге қабылдау бөліміне келіп қаралды. Науқасқа жедел түрде ота жасадық. Рентгенге түсірдік. Онда ауа жиналып, бауырға әсер еткені де байқалады. 47 минут операция жасадық. Ота сәтті өтті. Горилла ішпеңіздер», – деп ескертті дәрігер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: