Жұма, 22 қараша, 02:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Эпидахуал қайтсе тұрақталады?

28.07.2022

1044 0

Міне, осы сұрақ мазалаған сала мамандары бас қосып, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды реттеу жолдарын талқылау үшін бас қосты. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенованың төрағалығымен кезектен тыс алқа мәжілісі өтті. Оған Департаменттің тиісті бөлім басшылары мен аумақтық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидахуалы және індетке қарсы алдын алу шараларынан орын алған кемшіліктер мен атқарылған жұмыстар, екіншісі коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы мен алдын алу шараларына қатысты болды.

Биыл өңірімізде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы күрделініп, 2022 жылдың 29 аптасында ауруға күдікті 38 жағдай анықталды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 2,1 есеге өсті. Коронавирус инфекциясы бойынша да аурушаңдық көрсеткіштері күн санап өсіп келеді. Аурудың клиникалық белнілерімен анықталу жағдайлары жиілеген.

Алқа отырысы барысында аталған аурулар бойынша пролблемалық мәселелер, кемшіліктер айтылып, оларды шұғыл шешу жолдары ұсынылды. Алдын алу шараларын күшейтуге басымдық беріліп, басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: