Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кенеден сақтанайық!

23.04.2022

1671 0

Көктем басталысымен аймақта адам денсау­лығына қауіп тудыратын Конго-Қырым геморра­гиялық қызбасының белең алатыны белгілі. Биыл қала бойынша қолайсыз аймақ ретінде 11 ошақ есепке алынды. Кенеден жұғатын дерттің алдын алу үшін жыл сайын 2 рет залалсыздандыру жұмысы жүргізіледі.

Кене – қауіпті ауруды тасымалдайтын жәндіктер қатарына кіреді. Өйткені қырым қанды қызбасы ауруы адам өміріне 30-40 процент қауіп төндіреді екен. Мамандардың зерттеуіне сүйенсек, кененің 700-ден астам түрі бар. Оның ішінде иксодты кенелер түрі біздің өңірде көп кездеседі. Олардың негізгі асыраушысы – мал. Бүгінде қалада жеке шаруа қожалықтар саны артуда. Бұл жағдай кененің кеңінен таралуына ықпал етуде.

– Биыл эпидемиялық маусымында кенеге қарсы дезинфек­ция жұмыстары алдында жүргізілген энтомологиялық барлау барысында Иіркөл, Тасбөгет, Белкөл қолайсыз аймақтарда табиғаттан және ауылшаруашылық малдан серопозитивті кенелер анықталып отыр. Осы орайда, көктемгі эпидмаусымда барынша сақтық шараларын қатаң сақтауымыз керек. Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды алдын ала ерте көктемде кенеге қарсы егіп, мал қораға улау жұмыстарын жүргізу керек және мал күтімімен айналысу барысында бөлек арнайы киім пайдалану қажет, – қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев.

Өткен жылы қала бойынша конго-қырым геморрагиялық қызбасының алғашқы диагнозымен 6 жағдайы тіркелді. Оның 4 жағдайы клиникалық және зертханалық расталған. Зерттеу қорытындысы бойынша, екеуі мал бағатындардан анықталды. Ал қалған екеуі бақша мен кірпіш зауытында жұмыс істейтін адамнан шықты. Жыл басынан бастап эпидемиялық мерзім басталғаннан бері бүгінгі күнге дейін ауру белгілері тіркелмеген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: