Бейсенбі, 09 мамыр, 08:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

21 наурызға арналған жұлдыз жорамал

21.03.2024

665 0

Сурет:pixabay

Бүгін жұлдыз жорамал бойынша сізді не күтіп тұрғанын біліңіз. Жұлдыз жорамалға сүйене отырып, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды тиімді құрып, жеке қарым-қатынасыңызды дамыта аласыз және күнделікті денсаулығыңызды бақылай аласыз.

Отбасы жұлнызнамасы

Тоқты

Сіздің жеке қасиеттеріңіз бен көршілеріңізге қамқорлық жасау қабілетіңіз отбасыңыздағы үйлесімділікке де себепші болады.

Торпақ

Отбасы мүшелерінің денсаулығына назар аударыңыз, достарыңыз бен туыстарыңыздың кеңесін елемеңіз.

Егіздер

Барлық ауыртпалықты өзіңізге ғана артып алмай, отбасынан көмек сұрау керек екенін ұмытпаңыз, ол өзара құрметті арттыра түседі.

Шаян

Жақындарыңызға шағын сыйлық жасап, қолдау көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.

Арыстан

Демалыс күндерін пайдаланып отбасыңызбен туыстарды аралап, туыстық қарым-қатынасты нығайта түсетін сәт туып тұр.

Бикеш

Отбасындағы жанжалды шешкенде, әр адамды жеке тыңдап, әрқайсысына жеке көңіл бөлуге уақыт табыңыз. Бұл сәл кейінірек өз жемісін береді.

Таразы

Отбасыңызбен уақыт өткізіңіз. Сізбен сирек уақыт өткізетін отбасы мүшелерімен ымыраға келіңіз. Қыдыратын жерлерді ортақ қызығушылыққа қарай таңдаңыз.

Сарышаян

Отбасылық мерекелер кезінде балаларға назар аударыңыз. Бұл олардың эмоционалдық әл-ауқатына пайдалы болады. Балаларыңыздың сізді тыңдамайтынына ренжіп жүрген болсаңыз, олармен сөйлесіңіз.

Мерген

Отбасылық кеш ұйымдастырыңыз. Киноға барудың қажеті жоқ, театр, мұражай секілді балаңыздың рухани баюына себепші болатын мәдени орындарды таңдаңыз.

Тауешкі

Бүгін басқа жұмыстарыңызды ысыра тұрып отбасыңызға көңіл бөліп, оларды толғандырып жүрген мәселелерді тыңдап, кеңесіңізді беріңіз, қажет болса қол ұшын созыңыз.

Суқұйғыш

Бүгін балаларыңызбен ойын ойнап, кітап оқып беріп, әңгімелесіп, эмоцианалды байланысты нығайта түсіңіз.

Балықтар

Отбасыңызға кеңес бермеңіз, олар сізді тыңдамауы мүмкін, әсіресе өз пікіріңізді өте эмоционалды түрде білдірсеңіз. Өз көзқарасыңызды таңа бермей, жай ғана өмірлік тәжірбиеңізді бөлісіп, қолдау көрсеткеніңіз дұрыс.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: