Дүйсенбі, 25 қараша, 17:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Медициналық қалдықтарды жою талаптарын бұзғандарға 8 млн теңгеден астам айыппұл салынды

18.07.2022

580 0

Медициналық қалдықтарды жою аса ұқыптылық пен жауапкершілікті талап етеді. Себебі қауіпті қалдықтарды жою талапқа сай жүргізілмесе  қоқыс жинаушылар, медицина қызметкерлері, пациенттер және жалпы қоғам арасында инфекцияның таралуы нәтижесінде аурудың қайталама берілуіне үлкен қауіп төндіреді.

Қызылорда облысында медициналық ұйымдарда пайда болған медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару денсаулық сақтау нысанында қабылданған медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Облыс көлеміндегі медициналық ұйымдардың барлығында медициналық қалдықтарды жинауға бірреттік су өтпейтін пакеттер мен сыйымдылықтар қолданылады. Өткір, үшкір қалдықтарды жинау қауіпсіз жою және жинау контейнерлерінде жүзеге асырылады. Медициналық ұйымның қалдықтармен жұмыс істеуге жауапты тұлғасы күнделікті үлгіге сәйкес журналда медициналық қалдықтардың есебін жүргізіп отырады.

Қызылорда облысындағы барлық дерлік медициналық ұйымдарда медициналық қалдықтарды уақытша жинауға арналған үй-жайлар санитариялық қағидалар талаптарына сәйкес жабдықталған. Қабырғалары, едені дезинфекциялауға, жууға төзімді материалдармен қапталған, салқын және ыстық сумен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен, сыйымдылықтарды жууға, залалсыздандыруға арналған ванналармен қамтылған.

Қызылорда облысы бойынша облыстық медициналық орталықта медициналық қалдықтарды жоюға арналған пеш-инсенератор, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында және ҚР ДСМ «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» филиалында медициналық қалдықтарды өртеуге арналған арнайы қондырғы (муфельді пеш) жұмыс істейді.

Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан қалған медициналық мекемелерде медициналық қалдықтар 11 жекеменшік ұйымдармен келісім-шарт негізінде тасымалданып, жойылады. Аталған мекемелердегі медициналық қалдықтарды өртеуге арналған арнайы қондырғылардың өндірістік қуаты сағатына 120 килограммға дейін болып, эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер болуы себепті есепті мерзімде ерекше тәртіп бойынша тексерулермен қамтылған жоқ. 

2022 жылдың І-жартыжылдығындаҚызылорда облысы көлемінде А сыныбына – 295600,438 кг, Б сыныбына – 79720,02кг, В сыныбына – 22753,856 кг медициналық қалдық түзіліп, жойылды. Ал Г сыныбына 750 кг қатты, 86 л сұйық медициналық қалдық және 201 дана термометр, 1137 дана бактерицидтік шамдар, 69 дана салқын жарықтандыру шамдары пайда болған.

«Б» сыныбының құрамына кірген 918,5 кг көлеміндегі биологиялық қалдықтар «Ритуал» ЖШС мекемесімен келісім-шарт негізінде көмілген.

Облыста Г сыныбына жататын қалдықтарды қауіпсіз жою «Азия групп» ЖШС мекемесімен келісімшарт негізінде тасымалданып, жойылуда. 

Облыс бойынша қауіпсіз жою қораптарымен қамтылу көрсеткіші – 100 пайызды құрайды.

2022 жылдың 6 айы көлемінде облыстағы денсаулық сақтау объектілеріне медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, залалсыздандыру, тасымалдау және жоюдағы санитариялық қағидалардың сақталуына жүргізілген ерекше тәртіп бойынша, жоспардан тыс тексерулер барысында анықталған кемшіліктер бойынша барлығы 8 млн 545 мың 770 теңге сомаға 186 айыппұл салынып, барлығы да өндірілді. 32 санитарлық ұйғарым беріліп, барлығы дерлік уақытылы орындалды.

Медициналық қалдықтармен жұмыстың дұрыс жүргізілуі Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нің тұрақты бақылауында және проблемалық мәселелер мүдделі органдармен бірлесіп тұрақты түрде қаралып, талқыланады.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: