Сенбі, 21 желтоқсан, 23:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Менингококк инфекциясының алдын алу

20.11.2024

382 0

Менингококк инфекциясы – әртүрлі клиникалық көріністермен – симптомсыз таратушылық, назофарингит (мұрын және жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы) және менингококктық сепсис (қанды жұғуы) түрінде өтетін, бактериядан туындайтын жіті инфекциялық ауру. 2024 жылдың 9 ай қорытындысымен облыс көлемінде менингит ауруының бірде-бір дерегі тіркелген жоқ.

Инфекция көзі науқас адамдар және «дені сау таратушылар», яғни қандай да бір клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококк таратушысы болып табылатын адамдар.

Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық қыс және көктем мезгілдеріндегі маусымдылығымен сипатталады.

Инфекцияның берілу жолдары – ауа тамшы арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Инфекцияның қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб науқас  адаммен немесе ауруды таратушымен ұзақ және тығыз қарым-қатынас кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы дені сау адамның организміне өтеді. Жұқтырған кезден бастап ауру басталғанға дейін бір күннен он күнге дейінгі уақыт өтеді. Науқас айналасындағы  адамдар үшін аурудың бірінші күнінен бастап-ақ жұқпалы болады.

Көбінесе иммундық жүйесі қалыптаспағандықтан 5 жастан кіші жастағы балалар ауырады, сондай-ақ жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады, себебі осы жастағы адамдар көп уақытын көптеген тәуекел факторлары – адамдар көп жиналатын,  темекі шегу, ортақ сусындар және т.б. факторлардың қосылуымен ерекшеленетін түнгі клубтарда өткізеді.

Менингит белгілері: кенеттен бастың ауыруы, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпелердің шығуы, дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі, қалтырау пайда болады, тері бозарады. Жалпы әлсіздік, арқада және аяқ-қолда ауырсыну байқалады. Науқастарда шөлдеу, тәбетінің төмендеуі болады. Ауру тұмау, баспа, мұрынныңбітелуі, тонзиллит сияқты белгілеріне ұқсас болып басталады. Сондықтан менингококк бастың ми қабықшасына қарқынды түрде өтпесі үшін арудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу және оның ұсыныстарын  орындау қажет.  Әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда, ойын-сауық орындардағы ойын алаңдарына баруды шектеу қажет.    Үй-жайды жиі желдету, ұйымдастырылған ұжымдарда күнделікті ылғылды жинау жүргізу керек.

Аурудың алдын алу үшін созылмалы инфекциясы бар ошақтарды санациялау маңызды, бала жасында бұның көбінесе ЛОР-ағзаларына жиі қатысы бар, сондықтан балалар оториноларингологына тұрақты түрде және мүмкіндігінше профилактикалық мақсатта  бару керек.Суық тию ауруларының белгілері  (жөтелу, мұрынның бітелуі, түшкіру және басқалар) бар айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты болдырмау да маңызды.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жіті респираторлы вирусты инфекциялардың эпидмаусымында ауру жұқтырып, асқыну жағдайларына жол бермеу үшін сақтық шараларына бей-жай қарамауды ұсынады.

Әлия Әбдіқайымова

Қызылорда облысының СЭБД басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: