Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының Бас санитарлық дәрігері үндеу жасады

19.03.2021

2779 0

Құрметті қызылордалықтар! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Биыл Наурыз мейрамы әдеттен тыс жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Пандемияға айналған коронавирустың кеңінен таралуы бұл мейрамды карантиндік режимде атап өтуді талап етіп отыр.
Бүгінгі күні Қызылорда облысы коронавирус инфекциясының эпидахуалын бағалау матрицасында «жасыл» аймақта. Дегенмен де COVID-19 инфекциясын жұқтыру жағдайлары күн сайын тіркелуде. «Өкінішке орай, карантин талаптарын бұзушылықтар әлі де азаймай тұр. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 99 карантин талабын бұзушылық анықталды. Оның басым көпшілігі халыққа қызмет көрсету орындарында анықталуда, үй жағдайында той жасау фактілері азамай отыр. Карантин талаптарын бұзушылықтар кәсіпкерлік нысандармен қатар, білім беру, медициналық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде де орын алып отыр. Сақтық шаралары ғана індетті тоқтата алатындығын естен шығармауымыз керек.
Өңірімізде карантин талаптары кезең-кезеңімен жеңілдетілгенімен бірқатар шектеулер әлі де сақталуда. Солардың бірқатары – ойын-сауық іс-шараларын, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынады.
Алдағы Наурыз мекересі мен ұзақ демалыс күндері халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық іс-шаралар өткізбеуге және қатыспауға, суық тигізіп алмауға, індеттің алдын алу шараларын сақтауға шақырамын. Елдегі эпидемиологиялық жағдай әрқайсымызға байланысты, сондықтан маска тағып жүріңіздер, әлеуметтік ара қашықтық пен қарапайым гигиена талаптарын сақтауларыңызды сұраймын.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: