Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 117 өнімнен сәйкессіздік анықталды

02.11.2022

766 0

Қызылорда облысында өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу аясында жыл басынан бері өнімдердің 1585 сынамасы сатып алынды. Іріктеп алынған өнімдердің басым көпшілігі, яғни 71,8% – тағам өнімдері және 28,1% тамақ емес өнімдерінің үлесінде.
Жүргізілген сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімдердің 117 үлгісі техникалық регламенттер талаптарына сай келмеді. Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіш бойынша-15, физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша-7, қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша -4 , таңбалануы бойынша-99 сәйкессіздік анықталды.
Ішек таяқшалары тобының бактериялары ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарынан анықталды. Сондықтан ет өнімдерін, құс етін тұтынар алдында мұқият тазалап, термиялық өңдеуден өткізіп барып пайдалануға кеңес береміз.
Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер кілегейлі май, ультрапастерленген сүтте анықталды, яғни май қышқылдарының массалық үлесінің қосынды пайызы бойынша техникалық регламенттер талаптарына сай болмай шықты. Бұдан бөлек, ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарындағы ылғалдылық көрсеткіштері де шамадан тыс болып шықты.
Анықталған сәйкессіздіктердің көпшілігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген – 59 сәйкессіздік, өзге елдердің өнімінен-39 сәйкессіздік. Ал, қалған 19-і отандық өнімдердің үдесінде.
Кеден Одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша 44 сауда объектісіне ҚР-ның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөніндегі нұсқамалар берілді. Тексерулер нәтижесімен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 баптың 1 бөлімі бойынша 2 нысанға жалпы соммасы 91890 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген жалпы құны 9490 теңгені құрайтын 7,22кг тағам өнімдері сатылымнан алынып тасталды.

Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: