Бейсенбі, 21 қараша, 21:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жыл басынан бері 274 кене шағу дерегі тіркелген

25.05.2023

911 0

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – аса қауіпті инфекциялық ауру. Жалпы динамикада аурушаңдықтың өршу кезеңі жаз айларына сәйкес келеді. Себебі далалық жұмыстар, оның ішінде мал шаруашылығы, егін шаруашылығының белсенділігі арта түседі. Сондай-ақ табиғат аясына серуендеушілер қатары көбейеді. Сәйкесінше кенемен жанасу, зардап шегу жағдайлары арта түседі. Ағымдағы жыл басынан бері облыс бойынша 274 тұрғын кене шағумен медициналық көмекке жүгініп, 14 күнге медициналық бақылауға алынды.Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына клиникалық, эпидемиологиялық көрсеткіштеріне сәйкесауруға күдікті 10 дерек орын алды. Зертханалық тексерістер нәтижесінде барлығында да ауру расталған жоқ..Былтырғы жылдың дәл осы мерзімінде кене шағу жағдайларының саны 205 болды, 3 күдікті дерек тіркеліп, оның 1-еуі нақтыланған болатын.

Облыс бойынша анықталған 106 қолайсыз елді мекендерде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 2023 жылдың 11 сәуірінде басталып, бүгінгі күні Шиелі, Жаңақорған, Сырдария және облыс орталығында ауруға қарсы өңдеу жұмыстары аяқталды. Әрі қарай облыстың өзге өңірлерінде жалғасуда.

Ауруды ерте анықтап, дер кезінде емдеу шараларын жүргізу мақсатында медицина қызметкерлері арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының клиникасы, диагностикасы, алдын алу шаралары бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырылып, 2925 дәрігер, 8716 орта буынды медициналық қызметкер арнайы дайындықтан өтті. Медициналық мекемелерде КҚГҚ-мен ауыратын науқастарды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттар, иммундалған плазма және т.б. қажетті дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құрал-жабдықтар қоры  жеткілікті мөлшердежасақталды.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын мал шаруашылығымен, ауыл шаруашылығымен айналысқанда арнайы жұмыс киімдерімен, қолғаптармен жұмыс жасауды, табиғат аясына демалысқа шыққанда кенелерден қорғайтын арнайы репеллентерді пайдалануға, ақ түсті киім киіп, кенелердің болмауына жиі тексеріп тұруды, сақтық шараларын жауапкершілікпен орындауды сұрайды. Тұрғындар арасында кене шағу жағдайларына немқұрайлықпен қарап, үй жағдайында өздігінен емделіп, ауруды асқындырып алатын жағдайлар кездеседі.Сондықтан кене шаққан немесе жанасқан жағдайда және ауру белгілері анықталған бойда жедел медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді. Себебі дер кезінде ем-шара қабылдаған кезде бұл аса қауіпті ауру болса да толық сауығып шығуға болатындығын еске саламыз.

Әлия Әбдіқайымова,
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: