Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордаға 80 мың доза вакцина әкелінеді

22.12.2020

1141 0

Аймақта 2021 жылдың наурыз айынан бастап вакцинаның 80 мың дозасы кезең-кезеңімен әкелініп, егу жұмыстары басталады. Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Сондай-ақ, вакцинаны сақтайтын арнайы контейнерлердің саны нақтылануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов мәлімдеді.

«Вакцинаны қалай енгізілетіні туралы қосымша жұмыстар жүргізілетін болады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады. 65-ке дейінгі адамдарға салынады. Өйткені, вакцина сол жас аралықтағы адамдарға ғана әсер етеді. Айта кетейін, адамдармен жиі байланыста болғаннан кейін вакцинаны бірінші кезекте өзімде салдырамын», -деді Сәбит Бексейітұлы.

Сонымен қатар, 3500 медицина қызметкерлерінің резерві құрылды. Бұған қоса, облыста 9 ПТР аппараты жұмыс жасап, тәулігіне 1200-1300-ден астам сынама алынуда. Қажеттілік туындағанда зерттеу санын 1900-ге дейін жеткізуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: