Сәрсенбі, 29 мамыр, 01:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42-2052
28.05.2024
PDF мұрағаты

Саясаттанушы: Тұңғыш президентті ұстауға, қамауға алуға, жауап алуға немесе жеке тінтуге болмайды

29.12.2022

600 0

Тұңғыш президент туралы заңның күшін жоятын заң жобасы келесі жылы парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралады, деп мәлімдеді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Заң толығымен тоқтатылады, ол келесі жылдың басында болады. Өздеріңіз білесіздер, бұл конституциялық заң болғандықтан, олар бірлесіп қарастырылады. Қаңтар айында палаталардың бірлескен отырысы шақырылады, бұл мәселе сонда қаралады”, – деді Қошанов.

Тұңғыш президент туралы заңда Елбасының иммунитеті туралы бап бар, оған сәйкес оны ұстауға, қамауға алуға, тінтуге, жауап алуға немесе жеке тінтуге болмайды. Тұңғыш Президенттің – Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жекеменшігіндегі мүлікке, сондай-ақ ол құрған заңды тұлғалардың мүлкіне шектеулер қойылмайды.

Депутат Айдос Сарым Тұңғыш Президент туралы заң өз күшін жойғанымен Елбасының құқықтарына Қазақстан Республикасының экс-президенттері туралы бап бар Президент туралы заң кепілдік беретінін айтады.

«Президент туралы конституциялық заңда экс-президенттерге қатысты жеке тараулар бар. Қай экс-президент екені маңызды емес, бірінші, екінші, тіпті он сегізінші болсын», – дейді ол.

Президент туралы заңның 34-бабының 4-тармағында «республиканың экс-президенті, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» деген норма бар. Республиканың экс-президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу заңмен жазаланады». 36-бапта былай деп жазылған: «Республиканың экс-президенті мемлекетке опасыздық жасау жағдайларын қоспағанда, республика президентінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауапты болмайды». Сондай-ақ заң экс-президентке өмір бойы зейнетақы, баспана, қауіпсіздік, жүргізушілері бар жеке көлік, елде тегін саяхаттау, медициналық қызмет көрсету және санаторий-курорттық аймақтарда ем алу мүмкіндігін береді.

Демек, Елбасы туралы заңының күші жойылғанымен, бұл бірінші президентті қол сұғылмаушылық иммунитетінен айырмайды.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасын қарайтыны белгілі болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: