Сенбі, 21 желтоқсан, 21:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық кардиохирургтар Қырғызстан мен Ресей азаматтарына шұғыл медициналық көмек көрсетті

10.10.2022

606 0

Көпсалалы облыстық ауруханаға Қырғызстан мен Ресей азаматтары жедел миокард инфарктісімен түсті. Қызылорда облыстық көпсалалы ауруханасының кардиологиялық орталығының дәрігерлері шетелдік пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсетті. МӘМС аясында қымбат тұратын оталар – тегін.

Кардиологиялық орталықтың меңгерушісі Берік Дәуітбаевтың айтуынша, науқастардың бірі Ресей Федерациясынын азаматты. Шиелі ауданының тумасы, 60 жастағы ер адам ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер жедел миокард инфарктісін анықтады. Шұғыл түрде оған жүрекке ота жасалды.

Тағы бір науқас, Қырғызстаннан келген 50 жастағы ер адам. Жүк көлігінің жүргізушісі Қармақшыда ауырып қалды. Аудандық ауруханада оған алғашқы көмек көрсетілді. ЭКГ барысында жүректегі өзгерістер анықталды. Шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Науқасқа коронарография (жүрек артерияларының жағдайын бағалайтын рентгендік контрастты зерттеу әдісі), содан кейін стенттеу (артерияларды қалпына келтіру үшін стент орнату ота) жүргізілді. Қазір пациенттердің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

«Жыл сайын жүрекке екі жүзге жуық ота жасаймыз. Сондай-ақ, екі мыңнан астам коронарография, оның ішінде сегіз жүз стенттеу. Жүрекке ота – ең қымбат медициналық қызметтердің бірі. Мысалы, кардиовертер-дефибрилляторды имплантациялау сегіз миллион теңге, стенттеу бір жарым миллион теңге тұрады. Шұғыл жағдайларда бұл оталар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында барлығына тегін жасалады», – деді Берік Дәуітбаев.

Жыл басынан бері КОА-ның кардиохирургиялық орталықта 3 124 адам ем қабылдаған. Осы мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 2 521 164 263 теңге бөлінді.

Айгүл Аханова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: