Сейсенбі, 19 наурыз, 09:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22(2032)
16.03.2024
PDF мұрағаты

Жағдай күрделеніп барады

10.04.2021

1342 0

Жыл басынан бері аймақта коронавирус инфекциясын 896 адам жұқтырған. Әсіресе облыс орталығы мен Сырдария, Жаңақорған ауданында індет жұқтырғандар аз болмай тұр.

Вирусты инфекцияны жұқтырғандардың  артуы нәтижесінде өңір «сары аймаққа» енді. Бүгінде жыл басынан бері вирус жұқтырған науқас саны қалада – 610, Аралда – 31, Қазалыда – 48, Қармақшыда – 20, Жалағашта – 22, Сырдарияда – 59, Шиеліде – 51, Жаңақорғанда – 55 адамға жеткен.

Ал соңғы көрсеткіш бойынша бейсенбі күні коронавирус 43 адамнан анықталды. Оның 25-сі қала тұрғыны болса, Арал, Қар­мақшы ауданынан – 1, Сыр­дария, Шиеліден – 3, Жаңа­­қорған­нан – 4, Қазалыдан – 6 нау­қас тіркелген. Соңғы уа­қытта тәжді тажалдың белең алуы алаңдатып отыр. Оның үстіне вирустың жаңа ошағы көбею­де. Осы 43 жағдайдың 22-сі ви­рустың жаңа ошағы болып белгі­ленсе, 21-і қарым-қатынас арқылы жұққан.

Мамандардың айтуынша, қауіп­ті вирустың симптомсыз белгісі артқан. Мәселен, тіркелген нау­қастардың 27-інде ауру белгісі байқалмаған. Ал қалған 16-ында вирустық көрсеткіш белгі беріпті. Тіркелген науқастың 32-сі қазіргі таңда үй жағдайында бақылауда, 11-і инфекциялық стационарда ем қабылдауда. Сондай-ақ жан сақтау бөлімінде 11 науқас ем алса, 11 науқас вирустан айығып шыққан.

Қазір жұртшылық алаңдаулы. Десе де денсаулық сақтау саласының мамандары вирустан қорғанудың бірден-бір жолы екпе салдыру екенін алға тартады. Қазір облыс бойынша екпе салдырудың үшінші кезеңі жүргізілуде. Онда медицина қыз­меткерлері, педагогтар мен полицейлер қамтылған. Мамандар екпеден кейін үш күн күтіну керектігін ескертуде. Сәуір айының басын­да облысқа вак­цинаның 5500 дозасы әке­лінді. Бүгін­гі таңда оның 4295-і салынған. Екпе салдырған­дар арасында денсаулық саласының мамандары мен ұстаздар қауымы, құқық қорғау қызметкер­лері басым.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: