Бейсенбі, 05 желтоқсан, 07:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылша қандай ауру?

15.10.2024

5 0

Қызылша – жоғары қызба, терідегі бөртпе, улану белгілерімен қоса, жұтқыншақтың шырышты қабатының, конъюнктиваның және тыныс алу жүйелерінің қабыну, зақымдалуымен көрінетін жұқпалы жедел вирусты инфекция. Қызылша ауа тамшылы жолмен тез тарайды. Қызылшаға екпе алмаған адам науқаспен қысқа уақытта байланыста болса да жұқтыру қаупі өте жоғары.

Аурудың алдын алудың бірден-бір жолы – екпе салдыру. Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Екпе алмаған жағдайда ауруды жұқтыру қаупі жоғары.

Сондай-ақ қызылша ауруы жүкті әйелге де қауіпті. Ауруды жұқтырған жүкті әйелдерде өкпенің қабынуы асқынулары жиі кездеседі. Сонымен қатар қызылшаның асқынуынан және жүктіліктің өзінен болатын өлім-жітімді арттырады. Қызылша вирусы ұрықтағы даму ақауларының пайда болуын тудыруы мүмкін. Науқастағы жоғары дене температурасы тератогендік фактор болып табылады. Ол эмбрионның өліміне, сонымен қатар жүрек-қан тамырларының ақауының дамуына әкеледі. Аурудың алғашқы белгісі жөтел, мұрынның ағуы, қызба және жалпы әлсіздік фонында конъюнктивит түрінде көрінеді. Бөртпе 2-3-ші күнде жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабатында қызыл негізі бар ерекше ақ дақтар пайда болады. Кейін бас терісі және денеге таралады.

Жамила Таджимбетова

№6 Қызылорда қалалық емханасының мейіргері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: