Сенбі, 23 қараша, 09:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Ревакцинация: екпені салдырасыз ба?

24.11.2021

1095 0

Еліміз 22 қарашадан бастап коронавирусқа қарсы ревакцинация жұмыстары басталды. Оған Қызылорда облысы да сақадай сай дайын. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бирфингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов мәлімдеді.

– Вакцина – бұл пандемиямен күрестегі шешуші қадам. Біз індетпен күресті тоқтатпауымыз керек. Жағдайды ушықтырмау сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан ревакцинация салдырып, ұжым­дық иммунитет қалыптастыруға асығайық. Бүгінде вакцина салу орындары талапқа сай жабдықталған. Әрбір емханада иммундау жүргізетін салқындату жаб­дықтары орналасқан жеке вакциналау кабинеттері бар. Онда білікті дәрігер, мейірбике-вакцинатор және мейірбике-тіркеуші сияқты мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар вакцина алғандар 30 ми­нут дәрігердің бақылауында болады. Облыс бойынша КВИ-ға қарсы иммундау науқанына 106 екпе кабинеті, оның ішінде аудандарда 91 кабинет тартылды. Одан бөлек шалғайдағы аудандар мен ауылдарда, адамдар көп шоғырланатын жерлерде (ірі сауда ойын-сауық орта­лықтары, базарлар және басқалары) індетке қарсы вакциналау үшін оқытылған медициналық персоналмен жасақталған, – деді Жангелді Мырзагелдіұлы

Жалпы өңірдегі эпидемологиялық ахуалға тоқталар болсақ, індет бас­талғалы бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 19246 науқас тіркелді. Өткен тәулікте 6 жағдай анықталды. Ал емделіп шыққаны 97 процентті құ­райды. Қазіргі кезде облыс бойынша инфекциялық стационарда – 153 науқас,  реанимациялық төсек-орында 22 науқас ем қабылдап жатыр.

Өткен жылдан бері шетелдік және отандық ғалымдар бұл дертпен күресу үшін вакцина жасау жолында аянбай еңбек етті.  Нәтижесі де жоқ емес.  Естеріңізде болса, елімізде халықты вакциналау алғаш ақпан айында басталды. Бү­гінге дейін облыста вакцинаның 1 компонентімен егіл­гендер саны – 396301, халықтың қамтылуы 87,6 процентті, екінші компонентпен – 334321 (73,9 про­центті құрап отыр. Енді ре­вак­цинациялау арқылы век­тор­лық «Спутник V», «Pfizer» салдырғандар 9 айдан кейін инак­тивті «Sinopharm», «CoronaVac», «Hayat-Vax», «QazCovid-in» вакцинасын ала­ды. Ал инак­тивті вакцина ал­ғандар 6 ай­дан соң, векторлық вакцина салдырады.

Ревакцинация – ең алдымен медицина қызметкерлері, мұ­ғалімдерге, ішкі істер ор­гандары қызметкерлеріне, жабық мекемеде жұмыс істейтін әлеуметтік қыз­меткерлер мен еріктілерге өз келісімімен салынады.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: