Бейсенбі, 16 қаңтар, 19:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3-2116
14.01.2025
PDF мұрағаты

Сальмоноллез ауруының алдын алу үшін не істеу керек?

16.01.2025

63 0

Сурет:https://mzdnr.ru

Сальмонеллез – асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жіті жұқпалы ауру. Сальмонеллездің берілу факторлары азық-түлік өнімдері, ең алдымен ет және ет өнімдері, жұмыртқа және кремді кондитер өнімдері болып табылады. Ауру қоздыpғышы ағзаға түскенде ішекке еніп, ағзаның сусыздануына, қан тамырлары тонусының бұзылуына және жүйке жүйесінің зақымдануына ықпал ететін токсинді бөледі. Сальмонеллез жұқпасының белгілері: aуру жіті басталады, дене қызуы жоғарылайды, әлсіздік, бас ауруы, қалтырау, жүректің айнуы, құсу, кіндік аймағында ауырсыну пайда болады, кейіннен нәжістің бұзылyы, айқын интоксикация қосылады.
2024 жыл көлемінде облыс бойынша сальмоноллез ауруының 22 жағдайы анықталды. Бүгінгі күні эпидемиологиялық ахуал тұрақты.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сальмоноллездің алдын алу үшін келесі сақтық шараларын ұсынады:

  • азық-түлік өнімдерін тек рұқсат етілген сауда орындарынан алыңыз;
  • тез бұзылатын тамақ өнімдерін тоңазытқышта «тауарлық көршілік» ережесін сақтай отырып және рұқсат етілген мерзімі шегінде сақтау керек;
  • жұмыртқаны пісірілген немесе екі жағынан мұқият қуырылған күйінде қолданған жөн. Шикі жұмыртқаны ішу ұсынылмайды;
  • азық-түлікті (шикі және пісірілген, көкөніс және ет) бөлу үшін жеке кесу тақтайларын және пышақтарды пайдаланыңыз;
  • шикі ет пен құс етін бөлгеннен кейін пайдаланылған тақтайларды, пышақтарды және басқа да жабдықтарды ыстық суда немесе ыдыс жуу машинасында мұқият жуыңыз.
  • шикі және дайын тамақ өнімдерін бірге сақтамаңыз;
  • ұзақ жолға шыққанда тез бұзылатын азық-түлікті алмаған дұрыс;
  • жеке бас тазалығын, асүй тазалығын қатаң сақтау маңызды;
  • кішкентай балалар сальмонеллез ауруына өте сезімтал болып келеді, сондықтан ашылған шырыны бар шөлмектерді дереу пайдалану керек, емізіктер, бөтелкелер, ойыншықтар, күтім заттарын қайнату маңызды.
    Ауру белгілері байқалған кезде өзін емдеумен айналыспай, дереу дәрігерге хабарласыңыз, тек дәрігер дұрыс диагноз қойып, ем тағайындап, аурудың асқынуын болдырмай алдын алады.

Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының СЭБД басшы орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: