Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелді аман алып қалды

27.10.2024

469 0

Сурет: stan.kz

Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды. Оқиға Шымкентте орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілген. Ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түскен екен. 

“Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында  пациенттің өмірін сақтап қалды”, – делінген хабарламада. 

Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындап жатыр. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: