Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сібір жарасы- аса қауіпті ауру

18.05.2023

1339 0

Қызылорда облысында 2022 жылы,2023 жылы есепті кезеңде сібір жарасы немесе оған күдікті жағдайлар адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында  тіркелген  жоқ.

Қызылорда облысының аумағында аса қауіпті табиғи ошақтық инфекция сібір жарасының  ошақтары сақталған. Облыста сібір жарасы ауруынан 60 стационарлық-қолайсыз нүктелер және 68 сібір жарасы ауруының топырақтық ошақтары тіркелген.Сібір жарасының ошақтық көмінділері барлық аудандар мен Қызылорда қаласының аумағында бар. Облыста соңғы жағдай 2008 жылы Шиелі ауданы Еңбекші елді мекенінде тіркелген.20222жылы облыста күйдіргі ауруының топырақтық ошақтарынан сыртқы ортадан барлық аудандардан 455 сынама алынып, «Ұлттық сараптама орталығының» Қызылорда облыстық филиалының аса қауіпті инфекциялар зертханасында бактериологиялық және ПТР әдісімен зерттеліп, барлық сынамалар нәтижесі «теріс» болды. Облыс бойынша күйдіргі ауруының алдын алуда 2022жылы 373300 мүйізді ірі қара мал ауруға қарсы егілді, 770500 ұсақ мал басы, 174800 жылқы, 1150 бас шошқа, 58300 түйе күйдіргіге қарсы егілді. Биылда ауруға қарсы егу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

2022 жылы Қазақстан Республикасы көлемінде күйдіргі ауруынан эпидемиологиялық ахуал күрделі болып қалыптасты.   Республика  көлемінде барлығы 20 жағдай тіркелсе, оның ішінде көршілес облыстардан Жамбыл облысынан-13, Түркістан облысынан-5 жағдай тіркелді, қалғаны 1жағдайдан Ақмола, Қостанай облыстарынан анықталған (2020 ж-3ж, 2021ж-27ж).  Оның ішінде көршілес  Жамбыл облысынан 1 өлім жағдайы тіркелді.

Эпидемиялық ахуалдың нашарлауының және адамдардың ауыруының себебі ветеринарлық тексерусіз, мәжбүрлі жағдайда ауру ауылшаруашылық жануарларын сою болған. Бүгінгі күні облыстар арасында ауылшаруашылығы малдарының қозғалысы қарқындау кезінде індеттің алдын алу шараларын тиісті деңгейде жүргізілмеген жағдайда облыс тұрғындарының сібір жарасымен ауырмайтындығына кепілдік беру мүмкін емес. Сібір жарасының алдын алуда санитариялық қорғау аймағында топырақты қазуға және ауыстыруға, іздестіру, гидромелиоративтік, құрылыс жұмыстарына, жалға беруге,  жеке меншікке сатуға, бау-бақшаға немесе өзге де мақсатта пайдалану үшін жер учаскелерін бөлуге жол берілмеуі тиіс. Сонымен қатар сібір жарасының топырақтық ошақтарын бүкіл периметрі бойынша ормен және биіктігі кемінде 1,5 метр және диаметрі 5 шаршы метр қоршаулармен (бетон немесе металлдан) қоршалып, «сібір жарасы» деген жазылған тақтайшалар ілінеді, қауіпсіздік үшін кіруге тыйым салынады.

Сібір жарасы (түйнеме) – жұқпалы аса қауіпті ауру. Ол дене қызуының көтерілуімен, лимфа жүйесінің зақымдалуымен және ағзаның ауыр түрде улануымен сипатталады. Сібір жарасы көп жағдайда терілік формада  кездеседі, өте сирек ішектік, өкпелік және сепсистік формада өтуі мүмкін. Аурудың қоздырушысы –таяқша пішінді аэробты бактериялар, бұл бактериялар адам  немесе жануарлар ағазасынан тыс жерде споралар түзіп, қоршаған ортада топырақта  ұзақ жылдар бойы сақталады. Сібір жарасын адамға жұқтырушы көзі -үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға ауру мал сою кезінде, терісін өңдеуде және бактериямен спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішіп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолданғанда жұғуы мүмкін.  Ауру көбінесе теріні зақымдайды, сирек түрде ішкі мүшелерді де зақымдауы мүмкін. Инкубация кезеңінің ұзақтығы бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн.Қоздырғыш енген жерде алдыменен диаметрі 1-2 см,  қызыл-көкшіл түсті ауырмайтын дақ пайда болады. Сол жер қышиды, ашиды. Бірнеше сағаттан кейін дақтың орынында мыстың түсіндей папула пайда болады. 12-24 сағаттан кейін серозды, соңынан қанды сұйықтыққа толы везикулаға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға (карбункул) айналады. Жараның айналасы қызарып, ісіп 1-2 аптадан кейін жараның ортасы қарайған тығыз, ауырмайтын некрозды қабыршаққа айналасындағы қызарған терінің ортасындағы қара дақ, қызыл шоқтың ортасындағы көміртәрізді көрінеді. Оның айналасында сезімталдық мүлде болмайды.

Карбункулдың ең көп орналасатын жері –аяқ-қол, мойын және желке. Қосымша әлсіздік, шаршағыштық, басының ауыруы, дене қызуының 39-40 градусқа дейін көтерілуі. Дер кезінде емделмеген немесе кеш емделгендеөлім-жітім қаупі арта түседі. Ауырған адам аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралса, толығымен жазылып кетуге болады.

Тұрғындарға аурудың алдын алуда кеңес:

-аурудың белгілері байқалған кезде міндетті түрде жедел дәрігерге қаралу;

-аурудың жұқтырушы көзі ретінде үй жануарларын бақылауда ұстау, сібір жарасына қарсы екпе жүргізу, үй иелерінің малдарды екпеге қатыстырмауы-аурудың кеңінен таралуына себепші болып,соның салдарынан адамдар ауыруы мүмкін.

-мал ауырған жағдайда ветеринар мамандарынан кеңес алу, ауру мал жатқан, сойған жерлерге басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде болуына тыйым салынады,

-дер кезінде медициналық көмекке жүгінсеңіз аурудан толық айығатыныңызды естен шағырмаңыз.

Динара Жанабергенова,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: