Жұма, 27 желтоқсан, 17:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балалар арасында тамақтан уланудың алдын алу

24.04.2024

489 0

Сурет:dzen.ru

        Тамақтан улану – адам ағзасына улы әсер ететін микробтармен, токсиндермен және микробты емес заттармен ластанған тағамды жегеннен пайда болатын жедел (кейде созылмалы) ауру.

 Улану көбінесе мерзімі өтіп кеткен, бактериялармен ластанған, сондай-ақ химиялық заттармен бүлінген азық-түлікті қолданғанда, сонымен қатар жеке бас гигиенасын сақтамағанда  пайда болады.

Көбінесе, саяхатқа шыққан кезінде, жеке бас гигиена ережелері сақталмаса, балалар  тамақтан уланады. Мұның себебі – баланың ағзасы әлі өсіп, дамып, толық қалыптаспағандықтан, баланың токсиндермен тиімді күресуге қабілетсіз болуы.
Балалардың тамақтануын ұйымдастырған кезде тамақтанудағы әрбір маңызды сұрақты ескеру керек, елеусіз ұсақ-түйектерден бастап кез келген беттегі лас дақтарға дейін микробтардың орналасқан жері ретінде қарастырылуы керек. Тамақтануды ұйымдастыратын жеке және заңды тұлғалар балаларды қауіпсіз тамақпен қамтамасыз етуге міндетті, атап айтқанда:

– тыйым салынатын тағамдарды қолдануға жол берілмейді;

– тамақтану ережелерін қатаң сақтаған жөн;

– шикі және пісірілген азық-түлікті бір-бірімен араластыруға болмайды, өйткені, дұрыс пісірілген тамақ шикі тамақпен қосылу арқылы ластануы мүмкін;

– қолды жиі жуу және жеке бас гигиенасын сақтау өте маңызды;

– барлық санитарлық ережелерді қатаң сақтау қажет, соның ішінде ыдыс-аяқтар мен едендерді зарарсыздандыруды қолдану, қолданылатын мүкәммалды уақтылы ауыстыру.

Сондай-ақ таза суды қолдануға тырысу керек. Егер судың сапасы күмән тудырса, оны қайнату керек. Қайнаған немесе бөтелкедегі суды қолданған жөн.

Жаз мезгілінде тез бұзылатын  тағамдарды дұрыс сақтамаған жағдайда, келесі өнімдерден улану қаупі жоғары:

* сүт өнімдері (негізінен сүзбе және балмұздақ);

* жұмыртқа;

* балық өнімдері және теңіз өнімдері;

* ет;

* крем қосылған кондитерлік өнімдер;

* дайын салаттар;

* фаст-фудтар;

* консервіленген өнімдер, әсіресе үйде жасалған.

Әрине, бұл балмұздақ немесе тәттілер міндетті түрде улануға әкелуі мүмкін дегенді білдірмейді. Дегенмен, баланың толыққанды пайдалы тағамды алуы, оның фаст-фудпен байланысты қалауларын қабылдамау және үйде дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру маңызды. Сонымен қатар, балаға тағамды дұрыс сақтауды үйрету керек. Осы ережелерді сақтай отырып, бала пайдаланатын тағамның сапасына мұқият болады және өз өмірін түрлі қауіпті уланулардан сақтай алады.

Тамақтан уланудың белгілері:

* Жүрек айну;

* Құсу;

* Асқазан бұзылыстары;

*Диарея (күніне бірнеше ретке дейін).

Улану жағдайында емдеуді дереу бастау керек, өйткені мұндай жағдайда әрекетсіздік әртүрлі асқынуларға әкеледі. Тамақтан улану кезінде дереу дәрігерге көріну маңызды! 

Ерлан Ұзақбаев

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: