Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ГМО туралы не білеміз?

23.07.2024

257 0

ГМО (гендік модификацияланған  организмдер) – геннің жиынтығы жасанды түрде өзгертілген организм. ГМО көбінесе ауылшаруашылығында және тамақ өнеркәсібінде қолданылатын өсімдік түрлері. Бұл гербицид пен пестицидке төзімділікті арттыру, зиянкестерге төзімділікті арттыру және  егіннің өнімділігін арттыру үшін  құрамына бөт енгендер орналастырылған өсімдіктер.

Бүгінгі күні гендік модификацияланған  организмдер көптеген елдерде өсіріледі. Алдыңғықатарда АҚШ, Канада, Аргентина, Бразилия, Қытай, Австралия. Еуропада Испания, Германия, Болгария және  Румыния.  Дүниежүзіндебәріненкөп  өсірілетін генетикалық түрлендірілген  өсімдіктердің түрі: соя, жүгері, мақта, картоп, қызанақ, асқабақ және күріш. Қазақстанда жаздық рапс өсіріледі, дәлірек айтқанда рапстың 80% Солтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.Ұзақ зерттеулерден кейін қоршаған ортаға және адамның денсаулығына қауіпсіз деп танылатынына ғана рұқсат беріледі. Тағам өндіріснде осындай өсідіктерді қолдануға рұқсат бермес бұрын оны жан-жақты зерттеп, кейінгі ұрпаққа тигізер әсерін ескереді.

Егер құрамында гендік модификацияланған  организмдері бар тағам өнімдерін сатып алғыңыз келмесе, не істеу керек? Тағамда ГМО барын анықтау үшін оның құрамын мұқият оқу қажет. Әдетте, өндірушілертауарқұрамындағы ГМО-ны ұсақ шрифтпен көрсетеді. «Модификацияланған» деген сөзді іздеңіз, көбінде бұл  түрлендірілген крахмал, түрлендірілген соя немесе түрлендірілген жүгері.Тағамда ГМО жоқ болса, «ГМО  құрамында жоқ» немесе «ГМО-сыз» деген таңбасы болады. ГМО құрамында бар, бірақ  мөлшері нормадан аспайтын (0,9 %-тен көп емес) тағамдар да дүкен сөрелерінен кездеседі.Сондай-ақ, тағам өнімінің сыртқы түріне назар аударыңыз. Гендік модификацияланған  организмдердің сыртқы формасында, түрінде мін жоқ.  Олардың пішіні дұрыс, мөлшері бірдей болады. Жаңа ген сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімділігін  арттыруы салдарынан көпке дейін бұзылмайды. Егеркөкөністержәндіктермензақымдалғанболса, онда сіздің алдыңызда табиғи өнім.

Ағымдағы жылдың 6 айында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерімен жоспардан тыс тексерулер шеңберінде тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде жалған және генетикалық түрлендірілген өнімдерге мектеп асханаларынан 34 сынама  алынып, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалымен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілді. Сараптама қорытындысында оң нәтиже берген сынама анықталған жоқ. 

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: