Сәрсенбі, 13 қараша, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

«Жүрек жеткіліксіздігі» тағы бір бала қайтыс болды

28.08.2023

486 0

Қарағанды облысында уланған тағы бір бала қайтыс болды, – деп хабарлайды Massaget.kz .

Жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қарағанды ауруханаларында арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығынан балалар емделуді жалғастырып жатыр. Алайда дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасағанымен бір науқас қайтыс болған. 

«Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында болған 2012 жылы туған бала 28 тамызда қайтыс болды. Баланың жағдайы бастапқыда ауыр болған. Терапия тактикасы республикалық мамандармен үнемі талқыланып отырды. Өлімнің себебі – жүрек жеткіліксіздігі», – дейді әкімдік өкілдері. 

Тағы бес бала жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр. 

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бір бала қайтыс болғаны хабарланды. 

Орталықта 30 шілдеде екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылған. 

Ауруханаға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келген еді. Ол облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен және емдеуші дәрігерлермен жедел кеңес өткізді. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді. Ермағанбет Бөлекпаев тергеу нәтижесінде заңның барлық қатаңдығы бойынша жауапты тұлға анықталып, жазаланатынын атап өтті. Мекеме директорының міндетін атқарушы қызметінен шеттетілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: