Қызылорда облысында 2023 жылдың 6 айына туберкулез ауруының 209 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда13 жағдайға немесе 5,9 пайызға төмен.
Алғаш тіркелген туберкулез ауруының 90% тыныс алу жолдары туберкулезі құрады.Оның ішінде 34%-і туберкулездің жұқпалы түрі. Ағымдағы жылы тыныс алу жолдары туберкулезі 7 жағдайға, ал туберкулездің жұқпалы түрі 26%-ға төмен қалыптасты.
Кәсіби құрамы бөлігінде сырқаттанғандардың 35%–жұмыссыздар, 29% – зейнеткерлер арасында тіркелді.
Есепті мерзімде облыс бойынша 9 581 сәби дүниеге келіп, перзентханада нәрестелерді БЦЖ вакцинасымен егумен қамту көрсеткіші 97,2%-ды құрады. Егілмей перзентханадан шыққан 241 балалың 144-і уақытша медициналық қарсы көрсетілімдерге, 31-і тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, 64 бала ата-анасының вакцина салдырудан бас тартуына байланысты екпе алған жоқ.
Облыс көлемінде 2023 жылы Манту сынағына 68 681 тұрғын жоспарланып, орындалу көрсеткіші 98,4% құрады. Флюрографиялық тексеруге жоспарланған 193 707 тұрғынның 189 770 тексерумен қамтылып, орташа көрсеткіш 97,9%-ды құрады
Аймағымызда емнің сүйемелдеу кезеңінде амбулаториялық емде жүрген туберкулез науқастарынаемдерін үзбей алуы үшін әлеуметтік көмек көрсету қолға алынған. Себебі науқастардың емдерін үзбей алуы емнің нәтижесін арттырады және қарым-қатынастағы адамдарға әсіресе әлжуаз топтағы адамдардың жұқтыру қауіпін сейілтеді, сондай-ақ туберкулез ауруынан эпидемиялық ахуалды тұрақтануына септігін тигізетіні сөзсіз. Қызылорда облыстық маслихатының шешімімен 2022 жылы 1197 науқасқа 257, 022 млн тг. бөлініп, нәтижесінде науқастардың емді бұзу, үзу көрсеткіштері төмендеген. Бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасуда.
Туберкулез ауруының негізгі көзі – ашық түрдегі туберкулезі бар науқас адам. Адам туберкулез таяқшасымен зақымданған шикі сүтті және басқа да сүт өнімдерін пайдалану кезінде, ауру жануарға күтім жасау барысында туберкулезді жұқтыруы мүмкін.Алайда туберкулезді жұқтырғандардың барлығы науқас болып саналмайды, себебі иммундық жүйе қоздырғыш үшін тежеу бола алады. Иммундық жүйесі әлсіреген адамның ауырып қалу қаупі жоғары.
Туберкулез белгілері қалай байқалады?
Туберкулез белгілері бірден байқалмайды. Әдетте, ол ұзақ уақыт бойы ағзада дамып, көбіне өкпе тіндерін зақымдайды. Оның белгілерінің жүре келе пайда болатыны да сондықтан. Бірақ көп ұзамай: тоқтаусыз жөтелу, кейде қан аралас қақырық түсу, кеуде қуысының ауыруы, өз-өзін жайсыз сезіну, салмақ жоғалту, қалшылдау сынды белгілер байқалады. Мұндай жағдайда міндетті түрде емханаға барып тексеруден өту қажет.
Алдын алу шаралары
Жаңа туған нәрестелерге перзентханадан шықпай тұрып, туберкулезге қарсы екпе егіледі, екпе құрамында әлсіреген туберкулез таяқшалары болады. Вакцина құрамындағы бактериялар ағзаға түскеннен кейін иммунитет қалыптасады.
Перзентханада егілген туберкулезге қарсы екпе адамды ұзақ уақыт бойы осы аурудан қорғайды. 7 жаста вакцина тағы салынады. Мұны қайталап егу деп атайды. Қайта егу алдында туберкулезге қарсы сынама жасалады. Манту – вакцина емес, ол адамның туберкулез ауруын жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау үшін балаларға қолданылатын әдіс.
Ал, ересектерпрофилактикалықтексерулер мен скринингтерденуақытылыөтіптұруытиіс. Флюрографияданөзуақытындаөтудіңарқасындатуберкулезденересектерөздерінқауіпсіздендіріп, балаларғажұқтыруқаупінсейілтеді.
Ағзаныңсаулығы, негізінен, дұрыстамақтануға, дұрысдемалуға, қимыл-қозғалысқа, өмірсүрусалтынатікелейбайланысты. Сондықтан сақтық шараларына салғырт қарауға болмайды.
Туберкулез – емделетін ауру. Сол себепті ауру белгілері байқалған сәтте өз бетімен емделмей, медициналық көмекке жүгіну қажеттігін еске саламыз.
Динара Жаңабергенова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!