Жұма, 29 наурыз, 05:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Jusan Bank отбасыға арналған Jusan Family картасын шығарды

06.06.2023

359 0

Баланы жастайынан қаржы сауаттылығына баулыған жөн, алайда кейде ата-ананың өзіне де артық білім аздық етпейді. Jusan Bank мұның шешімі ретінде Jusan Family картасын шығарды, сондай-ақ балаларға ақшаны дұрыс жарату және қаржыны басқаруға қажетті дағдыларды үйренуге сеп болатын бірегей мобильді қосымша функционалын іске қосты. 

Jusan Family тек қаржыны басқаруға арналған құрал ғана емес, баланы отбасы құндылықтары мен әлеуметтік жауапкершілікке үйретуге бағытталған карта. Бірегей өнімнің түпкі мақсаты – білімді, саналы және қаржылық жағынан жауапты бала тәрбиелеуге қолғабыс болу.

Ата-аналар Jusan мобильді қосымшасында 6 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға өз картасына қосымша ретінде Jusan Family аша алады. Бір мезетте отбасындағы 3 балаға карта ашу мүмкіндігі қарастырылған. 

Балалар картасы қауіпсіз және онымен темекі, алкоголь өнімдерін, құмар ойындарды, сондай-ақ 18+ санатындағы тауарларды сатып алуға тыйым салынған.

Балалардың картасы толығымен ата-ана бақылауында: балансты, карта операцияларының тарихын қарау, шығындардың визуалды сараптамасы тағысы тағы бар. Сауда жасауға, кіріс және шығыс аударымдарға, онлайн төлемдерге, банкоматтардан қолма-қол ақша алуға тыйым салуға немесе рұқсат беруге, сондай-ақ өз бетіңізше шектеулер қоюға болады.

Балаларының қашан, қайда және қанша ақша жұмсағаны жайлы хабардар болуы үшін ата-аналар олардың картасы бойынша барлық аяқталған транзакциялар туралы хабарлама алады.

Jusan Bank балаларға ата-анасының QR коды мен биометриялық сәйкестендіру арқылы Jusan мобильді қосымшасына оңай әрі қауіпсіз тіркелу, карталарын өз бетінше басқару және қаржы сауаттылығын меңгеру мүмкіндігін сыйлап отыр. 13 жастан асқан балалар тіркеуден өтер кезде виртуалды картаны Apple Pay және Google Pay қызметтеріне қосып, сонымен қатар Jusan мобильді қосымшасы мен электронды әмиянда өзгертуге болатын 26 бірегей дизайнның бірін таңдай алады.

Төлем мен аударымдар жасау, ақша шығарып алу сынды негізгі қызметтермен қатар, балаларға бонустардың жаңа деңгейі ұсынылады. Мысалы, жоғары санатты таңдаған кезде 5%-дан 15%-ға дейінгі бонустарды алуға болады. Мұнымен қоса балаға тұрақты 1% бонустар қарастырылған. Ал 1 маусым мен 31 шілде аралығындағы науқан аясында Jusan Bank-тің осы картасымен жасалған әрбір сауда үшін 5% бонус беріледі!

Жақында Jusan Bank ата-аналарға баланың картасына автоматты түрде қаражат аудару мүмкіндігін сыйламақ, соның арқасында олар бұдан былай ұл-қыздары ақшасыз қалады деп алаңдамайды. Ал балаға күн сайын, апта сайын немесе ай сайын біркелкі түрде ақша түсіп отырады. 

Jusan Family – тек балалар картасы ғана емес, сонымен қатар ата-ана қарапайым тапсырмалар беру арқылы балаларын күнделікті қажеттіліктеріне өз бетінше ақша табуға және арман-мақсаттарына жету үшін қаражат жинауға көмектесетін Jusan қосымшасындағы жаңа сервис. 

https://stan.kz/jusan-bank-otbasiga-arnalgan-jusan-family-kartasin-shig-383345/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: