Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 10:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Вирусты гепатит: сақтану жолы қандай?

30.04.2024

459 0

Сурет:major-clinic.ru

А вирустық гепатиті – вирус көзі науқас адам болып табылатын жіті инфекциялық ауру. Гепатиттің қоздырғышы – вирустардың ішек тобына жататын вирус.

Вирус организмге ішек инфекцияларына тән (су, тағамдық және тұрмыстық қарым-қатынас) жолдарымен түседі.

Бұл ретте таралу факторлары: лас қолдар, сондай-ақ вирус жұқтырған барлық заттар (азық-түлік, көкөністер, жемістер, жидектер, аскөк) болып табылады.

Жұқтыру шаруашылық-нәжіс ағындарымен ластанған су айдындарында шомылу кезінде болуы мүмкін. Сарғаюсыз, аурудың белгісі аз және субклиникалық нұсқалары бар адамдарда негізгі эпидемиологиялық маңызы бар. Вирус бауырды зақымдайды, вирус бөлшектері асқазан-ішек жолдарының сілемейлі  қабығы арқылы сіңіріледі және қан айналымының жалпы жүйесіне түседі.

Вирус сау адамның организміне түскеннен кейін жасырын өтеді,  инкубация деп аталатын жасырын кезең А гепатиті кезінде 14 күннен 35 күнге дейін созылады. Содан кейін аурудың белгілері пайда болады: дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, тәбет төмендейді, әлсіздік, жүректің айнуы, құсу байқалады. Көптеген ауырған адамдарда катаралдық  құбылыс, тамақтың қызаруы байқалады. Зәр қараяды, сыраның түсіне ұқсайды, керісінше нәжіс ағарады.

А гепатитінің вирусы сарғаю пайда болғаннан бұрын науқастың нәжісімен бөліне бастайды, яғни сарғаю кезеңінің алдында пайда болады. Аурудың осы кезеңінде ауырған адамдар айналасындағылар үшін барынша қауіпті болып табылады. Сарғаю кезеңінің пайда болуымен (көздің ағының және тері жабындарының боялуы) вирустың бөлінуі күрт азаяды және жұқтыру күрт төмендейді. Ауырып сауыққаннан кейін тұрақты, өмірлік иммунитет пайда болады. Профилактика шараларын сақтау кезінде аурудың алдын алуға болады

А гепатитініңалдыналушаралары:

– тамақішуалдында, дәретханағабарғаннанкейін, жұмыстан, серуенненқайтыпоралғанкездеқолдыжуу;

– ашық су айдындарынанқайнамаған суды ішпеужәнеоныменжемістер мен көкөністердіжумау;

– ағындысулартүсуімүмкін су айдындарындашомылмау;

– адамдары бар үй-жайларда: үйде, жұмыста, қоғамдықтамақтануобъектілерінде, сауда, коммуналдық, өнеркәсіптікүй-жайлардатазалықтысақтау;

– экзотикалықөнімдерді, әсіресешикіустрицаны, мидия мен басқа да моллюскалардытұтынбау.

А вирустықгепатитініңалдыналудыңарнайыжолы – вакцинациялау. Вакцинациялауға:

– екіжастағыбалалар;

– А вирустықгепатитіошақтарындабайланыстаболғанкүнненбастапалғашқыекіаптанықосаалғанда, он төртжасқадейінгібайланыстаболғанадамдар;

– 14 жасқадейінгібалалар, В және Ссозылмалывирустықгепатиттеріменауыратын ремиссия кезеңіндегіадамдаржатады.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: