Сенбі, 28 желтоқсан, 18:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жалағаш ауданында халықтың 30 пайыздан астамы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

03.03.2023

593 0

Шаруа қожалықтары МӘМС-ға жарналар мен аударымдарды қанша төлеуі керек, МӘМС жүйесіне төлемдерден жалтарғаны үшін жұмыс беруші қандай жауапкершілікке тартылады, еңбек демалысына шыққан кезде медициналық сақтандыруға кім аударады? Осы және өзге де сауалдармен Жалағаш ауданының тұрғындары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдерімен кездесуде жүгінді.

Аққұм, Еңбек, Аламесек, Жаңадария елді мекендерінің тұрғындарымен кездесулерде Қор мамандары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары, МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеу тәсілдері туралы айтып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, мұғалімдер келесі сұрақпен жүгінді: жұмыс беруші еңбек демалысы кезінде МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуге міндетті ме? Қордың облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, «МӘМС туралы» Заңның 2-тармағының 5-бабына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000405) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл құқық адамдарды төленбеген кезең үшін Қорға жарналар төлеу міндетінен босатпайды. Яғни, еңбек демалысы кезінде бухгалтерия қызметкерді жұмыстан босатылуын немесе жалақы сақталмайтын демалыс кезеңін қоспағанда, әрбір кезең үшін МӘМС – ға аударымдарды және жарналарды төлеуге міндетті.

<strong>Жалағаш ауданында халықтың 30 пайыздан астамы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған</strong>

Спикер атап өткендей, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 92-1-бабына сәйкес, жұмыс берушілердің, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және жарналарды төлемеуі, уақтылы және толық төлемеуі түрінде орындамауы не тиісінше орындамауы – ескерту жасауға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталап тәртіп бұзған жағдайда төлемеушіге айыппұл салынады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235).

Бақыт Исмаханбетов шаруа қожалықтарының басшылары 2023 жылы жеке кәсіпкер ретінде ай сайын 4 900 теңге (1,4 ЕТЖ-дан 5%) төлеуі тиіс екенін еске салды. Қызметкерлер үшін аударымдар 3% құрайды, ең жоғары сома 21 мың теңгеден аспауы тиіс. Қызметкердің жалақысынан жарна – 2%, ең жоғары сома 14 мың теңгеден аспауы тиіс.

Айта кетейік, Жалағаш ауданында 17 449 адам тұрады, оның 5 286-сы МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Бұл аудан халқының жалпы санының 30% – дан астамын құрайды.

Кездесу соңында, ӘМСҚ – дың облыстық филиалының директоры ауыл тұрғындарын МӘМС жүйесінің барлық медициналық қызметтерін кедергісіз алу үшін медициналық сақтандыруға уақтылы төлеуге шақырды.

Айгүл Аханова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: