Жұма, 27 желтоқсан, 06:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Студенттер, декреттік демалыстағы әйелдер міндетті медициналық сақтандыру үшін жарна төлеуі керек пе?

10.05.2023

680 0

Әлеуметтік сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалына облыс тұрғындарынан сауалдар түсуде. Жиі кездесетін сұрақтарға филиалдың бас сарапшысы Айгүл Аханова жауап берді.

Ресми түрде жұмыссыз, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке ұйымдардың бірінде уақытша жұмыс істеймін. Жұмыс беруші мен үшін МӘМС аударымдары мен жарналарын төлеуі керек пе?

«МӘМС туралы» Заңның 26-бабына сәйкес азаматтардың 15 жеңілдік санатына жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар кіреді. Бірақ егер Сіз жұмысқа турып қызметкер болсаңыз, онда Заңның 14-бабына сәйкес жұмыс беруші Сіз үшін ай сайын МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды төлеуге міндетті.

2023 жылы жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін аударымдары 3% – ы құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 21 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 3% – і болып саналады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2023 жылы табыстарының 2% құрайды. Жарнаның ең жоғары сомасы 14 000 теңгені құрайды. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 2% – і болып саналады.

Егер жеке кәсіпкер жеңілдік санатына кіретін болса, МӘМС үшін ақы төлеу қажет пе?

Жеке кәсіпкер өзі немесе оның жалдамалы қызметкерлері келесі санаттарда болған жағдайда жарналар мен аударымдарды төлемейді: балалар (18 жасқа дейінгі); зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; мүгедектер; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар.

Декреттік демалыстағы әйел жеке кәсіпкер болса, МӘМС үшін төлем жасауы керек пе?

Егер әйел жеке кәсіпкер болса, онда ол өзі үшін 4 900 теңге мөлшерінде белгіленген жарнаны төлейді.Бұл санаттағы әйелдер жеңілдік санатына кәсіпкерлік немесе еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, табысы жоқ кезде кіреді.

Егер жеке кәсіпкер жұмыс жасамаса (кірісі болмаса), онда салық органдарында кәсіпкерлігін тоқтата тұру үшін тиісті рәсімдерді жүргізу қажет.

Мен студентпін. МӘМС жарналары менен ұсталмауы үшін жұмыс берушіге қандай құжаттарды ұсыну қажет? Жұмыс берушіге оқудың әр айы үшін анықтама беру керек пе?

Күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді және олар үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Жұмыс берушіге оқу мерзімі көрсетілген және ай сайынғы растауды қажет етпейтін оқу орнынан анықтаманы беруіңіз тиіс.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: