Сәрсенбі, 24 сәуiр, 11:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Түйе тікенегі дәріге айналады

20.09.2021

837 0

Альцгеймер – 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Бұл ауру, яғни ұмытшақтық ауруы әдетте 65 жастан асқан адамдарда көбірек кездеседі. Бұл аурудың басты себебі – мидың шаршауы мен есте сақтау қабілетінің төмендігі. Дәл осы ауруды емдейтін дәріні Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары жасамақ.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Қызылорда университетінің ғалымдары Еуропалық одақ грантын жеңіп алған. Осылайша олар Португалия, Нидерланды, Дания, Ресей, Беларусь пен Украина елінің ғалымдары бар дәрі әзірлеушілер тобына енді.

Альцгеймер мен паркинсон аурына қарсы дәрілік препаратты дайындау үшін ғалымдар Қазақстанның оңтүстік аймағында өсетін түйе тікенеген пайдаланбақ. Сыр елінің ғалымдары өсімдіктен атеросклероздың бастапқы формаларын емдеуде тиімді биологиялық белсенді заттарды алды.

– Біз дәрілік өсімдік – түйе тікенегіне зерттеу жүргізу үшін Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің грантын алдық. Содан кейін біз оның құнды қасиеттерін анықтадық. Өзіміз ашқан жаңалықты Португалияда таныстырып, олар біздің ғылыми әзірлемелерімізге қызығушылық танытып, ынтымақтастық ұсынды. Жобаны орындау кезінде флавоноидтардың суда еритін формаларын аламыз, оларды көміртекті наноматериалдармен модификациялаймыз. Шетелдік ғалымдар жедел тест өткізіп, біз анықтаған наноматериалдар Альцгеймер және Паркинсон ауруларының дамуына кедергі келтіретінін және пациенттерді аурудың алғашқы кезеңдерінде емдеуге көмектесетінін растады. Сонымен қатар түйе тікенегінен алынған модификацияланған биологиялық белсенді заттардың жанама әсерлері жоқ және адам денсаулығы үшін қауіпсіз болып танылды, – дейді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің зерттеуші-профессоры Нұрбол Аппазов.

Қызылордалық ғалымдар шетелдік әріптестерімен бірге байқауға қатысу үшін өтініш білдіріп, нәтижесінде «Horizon-2020» бағдарламасы бойынша Еуро одақтың грантын жеңіп алды. Бүгінде ғалымдардан құралған ғылыми топ клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеу жүргізуді жоспарлауда.

Қорқыт ата атындағы университеттің ғалымдарында басқа да инновациялық жобалар бар, кейбірі тіпті коммерцияландырылған. Мысалы, химик-ғалым Нұрбол Аппазов қара алтынды мұнай шламынан өңдеудің тиімді әдісін ойлап тапқан. Бүгінде бұл жоба Құмкөлдегі ірі мұнай-газ кен орындарының біріне енгізілген. Сыр бойының ғалымының тиімді әрі үнемді деп танылған. Одан бөлек күріш сабанынан целлюлоза алу жобасы қағаз өндірісінде қолданысқа енгізілді. Бұрын астық жиналып, күріш сабаны мен қауызы өртелетін еді. Ал Сыр ғалымдары ойлап тапқан жоба экологиялық та, экономикалық тұрғыдан да тиімді деп танылды. Бүгінгі таңда күріш сабанының дәні мен қабығынан қағаз, белсендірілген көмір мен тыңайтқыш-биочар жасалуда.

Қызылорда ғалымдары соңғы үш жылда 60 бірегей ғылыми жобаны патенттеген. Алдағы уақытта 10-нан астам жобаны коммерцияландыру жоспарланып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: