Дүйсенбі, 06 мамыр, 22:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Экс-министр Назарбаевтың арқасында түрмеден шыққан

26.01.2024

435 0

Сурет: скриншот

7 жылға сотталған экс-министр Жақсылық Досқалиев «Білген дұрыс» YouTube-арнасына сұхбат берді. Онда түрмеге отырған кезін еске алып, қалай ақталып шыққанын айтты. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«1 жыл 8 ай түрмеге қамап тастады. Біркісілік камераға. Сонда денемнің жартысы қызмет атқара алмайды. Қол бар, бірақ жұмыс жасамайды. Аяқ бар, бірақ жұмыс жасай алмайды. Қылмыскер деп мені жапты. Мен не Отанды саттым ба, біреуді өлтірдім бе?! Білмеймін, ондайды итке де жасамайды, итті де аяйды ғой. Ал мен қоғамға еңбегім сіңген адаммын, ғалыммын.

…Адамға ең қиын нәрсе – жалғыздық. Мен кейбір сөздерді ұмытып та қалдым. Торғайлармен сөйлестім. Түрменің терезесіне торғайлар келіп ұя салды. Мен сүйретіліп барып нан беремін, солармен сөйлесетін жағдай болды. Не үшін қинағанын білмеймін», – дейді ол.

Бұған дейін 2 рет денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған ол – 1 жыл депутат болған. Кейін оны 7 жылға соттаған. Алайда 1 жыл 8 айдан соң түрмеден ерте босап шыққан.

«Мені 7 жыл деп соттады ғой. Көбі қазір «Назарбаев анадай, мынадай» дейді. Назарбаевтың арқасында шығып кеттім. Қайтадан қаратқызған, бүкіл зерттеу жүргізген. Мені шығартты. Әйтпесе онда жүріп өлетін едім, көретін жарығым болып тұр. Соған мың да бір рақметімді айтамын. Рақымшылық, сосын ақтап жіберді», – дейді ғалым

Айта кететін жайт білікті хирург, транспантолог айына 170 мың теңге зейнетақы алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: