Бейсенбі, 05 желтоқсан, 07:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңа туған сәбиге күтім жасаудың маңызы

04.11.2024

13 0

Фото: zhambylnews.kz(

Нәрестенің денсаулығы мен дамуын қамтамасыз ету үшін оған жасалатын күтім өте маңызды. Сәби өмірге келген алғашқы күннен басталатын күтім оның дені сау болып өсуіне ықпалы етеді. Осы орайда аналар қауымы бала күтіміндегі негізгі аспектілерге мән бергені жөн.

Балаға жасалатын алғашқы күтім оны тамақтандыру. Ана сүті – нәресте үшін ең жақсы тағам. Ол барлық қажетті қоректік заттарды, дәрумендер мен иммундық қорғанысты қамтамасыз етеді. Алғашқы алты айда тек ана сүтімен емізу ұсынылады. Егер ана сүтімен емізу мүмкін болмаса, арнайы бейімделген сүт қоспалары пайдаланылады.

Ұйқы сәбидің өсіп жетілуінде маңызды рөл атқарады. Нәрестелер тәулігіне 16-20 сағат ұйықтайды. Оларды арқасына жатқызып, қауіпсіз ұйқы ортасын қамтамасыз ету керек. Жастық немесе артық жұмсақ төсеніштер қолданбаған жөн. Бала ұйықтайтын бөлме температурасы шамамен 20-22 градус болуы тиіс.

         Сонымен бірге баланың гигиенасына да баса көңіл бөлу қажет. Сәбидің терісі өте нәзік. Сондықтан күнделікті жылы сумен шомылдыру және балаларға арналған сабын және сусабын қолдану керек. Жөргегін үнемі ауыстырып, жаялық ауыстыру кезінде теріні таза ұстауда маңызды. Бұл терінің тітіркенуін және бөртпелердің алдын алады. Терісі құрғақ болмас үшін арнайы балаларға арналған ылғалдандырғыш кремдер мен майларды қолдануға болады. Сәбидің бұдан бөлек кіндігіне ерекше күтімді қажет. Кіндік жарасы толық жазылғанша құрғақ және таза болуы тиіс. Әр шомылдырғаннан кейін кіндік аймағын дезинфекциялық ерітіндімен өңдеу керек.

Жаңа туған нәрестеге жұмсақ, табиғи маталардан тігілген киім кигізу керек. Киім ыңғайлы болуы тиіс, баланың қозғалысын шектемейтін және оның терісін тітіркендірмейтін болуы керек. Киімді ауа райына сәйкес киіндірген жөн, бала терлемей де, тоңбай да тұруы керек. Сондай-ақ нәрестені ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Әсіресе, биік жер немесе үстел үсті балаға қауіпті. Мұндайда балаларға арналған қауіпсіз орындықтарды қолдану және баланы көлікте арнайы орындыққа отырғызған дұрыс. Осындай  қарапайым күтім ережелерін сақтау арқылы жаңа туған нәрестенің денсаулығы мен жақсы дамуын қамтамасыз етуге болады. Осы орайда жаңа туған нәрестені педиатрға уақтылы көрсету маңызды. Бұл баланың өсуі мен дамуын бақылауға, екпелерді уақытында салуға мүмкіндік береді. Нәрестенің денсаулығы мен дамуы туралы кез келген күмән туындаған жағдайда дәрігермен кеңескен жөн.

Базаркүл Исаева,

Гүлмира Төлепбергенова,

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының неонатолог-дәрігері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: