Дүйсенбі, 24 ақпан, 21:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

ЖРВИ мен тұмау аурушаңдығы қалыпты

24.02.2025

65 0

Сурет:gkob1.ru

Қызылорда облысында 2024-2025 жаңа эпидемиологиялық маусымда облыс көлемінде жіті респираторлы вирусты инфекция 65488 адамнан анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткішінің 17,3%-ға төмендегенін көрсетеді. Ауру ағымы ауыр өтіп жатқан 823 науқастан алынған анализдерге зертханалық талдаулар жүргізіліп, нәтижесінде 130 тұмау емес вирустар анықталды, басым көпшілігі РС вирус (55), риновирусқа (34) сәйкес келеді. Сонымен қатар спорадикалық жағдайлардан парагрипп-11, аденовирус-26, боковирус-3, метапневмовирус-1 дерек тіркелді. Тұмаудың 16 жағдайы анықталды, былтырғы жылдың осы мерзімінде 336 дерек есепке алынған болатын, бұл аурушаңдық көрсеткіштері бойынша биылғы эпидмаусымда әлдеқайда төмендеу тенденциясын көрсетеді. Жалпы алғанда эпидемиологиялық ахуалды тұрақты деп бағалауға болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты тұмаудан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауды ұсынады.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің м.а. №7 қаулысына сәйкес тұмауға қарсы вакцинациялау 2024 жылдың 15 қыркүйегінен басталды. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 85 004 доза вакцина сатып алынды. Тұмауға қарсы иммундауға Ресей елінде өндірілген «Гриппол плюс» вакцинасы қолданылады. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулысымен бекітілген «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидаларына» сәйкес жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялау тиісті контингенттерге тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаларда тегін жүргізіледі. Олар ең алдымен медицина қызметкерлері, емханаларда диспансерлік есепте тұрған балалар және балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің балалары, қарттар үйінің контингенті. Сондай-ақ, эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізіледі. Бүгінгі күні аталмыш контингенттің 70% тұмауға қарсы екпе алды.
Бұдан бөлек, еңбек ұжымдарына өз қызметкерлерін тұмауға қарсы ақылы түрде егуге мүмкіндіктер қарастырылған, соңғы деректер бойынша жұмыс берушілер есебінен 1000 адам вакцинациядан өтті.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті екпе алумен бірге қосымша алдын алу шараларын орындауды ұсынады, олар:

  • жеке бас гигиенасын сақтау;
  • ауру белгілері бар адамдармен байланысты мейлінше шектеу;
  • көпшілік орындарға, жабық үй-жайларға баруды мүмкіндігінше азайту;
  • үй-жайларға жиі ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізу;
  • ауру белгілері байқалған кезде өз бетімен емделмей, дәрігер көмегіне жүгіну;
  • салауатты өмір салтын ұстану.
    Аталған сақтық шаралары тек ЖРВИ, тұмаудан ғана емес сонымен қатар өзге де инфекциялық ауруларды жұқтырып алу қаупін азайтады.

Г. Сыздықова
Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: