2021-2022жж. эпидмаусымында Қызылорда облысы бойынша жедел респираторлық вирусты инфекциясына шалдығудың19745 жағдайы есепке алынды.
Ауру жұқтырғандардың64,7% – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде, оның ішінде 24,1% – 1 жасқа дейінгі нәрестелер. Есепте тұрған жүкті әйелдер арасындағы ЖРВИ-ға шалдығу көрсеткіші 25%-ті құрап отыр. Ауруханаға жатқызу көрсеткіші жалпы облыс бойынша 11%.
Жүргізілген эпидемиологиялықмониторингке сәйкес облыстық аурушаңдық апталық көрсеткіштіңбақылау деңгейінен асып, эпидахуалдың күрделенуі байқалған жоқ, дегенмен өткен жылдың ағымдағы мерзімімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 39%-ке жоғары болып отыр.
2021-2022 жж. эпидмаусымда ауыр ағымдағы жедел респираторлы вирусты инфекциясымен3087 науқастан алынған анализдер Ұлттық сараптама орталығының вирусологиялық зертханасында ПТР әдісімен тексеріліп,9 сынамадан тұмау анықталды. Басым бөлігі облыс орталығында тіркелді. Сонымен қатар 1871 сынама тұмау емес ауруларға тексеріліп,нәтижесінде 15 аденовирус, 1 парагрипп, 2 РС вирус тіркелді.
Тұмау ауруының алдын алу мақсатында ҚР Үкіметінің «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес 2021-2022жж. эпидмаусымға80186доза вакцина сатып алынды. Бүгінгі күні облыс тұрғындары арасында тұмауға қарсы вакцинацияланған тиісті контингент 95,6% құрап отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!