Сенбі, 04 қазан, 19:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№75,2187
04.10.2025
PDF мұрағаты

Astana Hub Battle додасында Орталық Еуразиядан жиналған 180 стартап бақ сынады

04.10.2025

62 0

Фото: gov.kz

Digital Bridge 2025 форумы аясында IT әлемдегі ең ірі стартап-додаларының бірі – Astana Hub Battle өтті. Орталық Еуразия елдерінен жиналған 180 IТ-компания өз өнімін дамыту үшін жалпы сомасы $125 000 құрайтын жүлде қорын сарапқа салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жартылай финалға бәсекеге қабілетті 79 жоба өтті, олардың ішінен 14 үздік стартап финалдық шайқасқа іріктелді: eXpace Technology, Hemo.Labs, YAYA, MoonAI, flection.ai, CYBERPACK.AI, OpenSpot, Mirai Tech, Oina AI, AIGINEER, NeuroGuard AI, MacDent, MindShield және WeGlobal AI. Сонымен бірге финалға AI Sana Generative Pitch байқауында жеңіске жеткен TrustExam AI да қосылды.

Аstana Hub Battle өзінің өңірдегі IT-кәсіпкерлер үшін басты алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бүгінде Орталық Еуразияның стартаптары жасанды интеллект, медицина, білім беру, қаржы технологиялары және басқа да салаларда бәсекеге қабілетті шешімдер ұсынып отыр. Мұндай бастамалар білім экономикасын қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарын ашып, саланың дамуына тың серпін береді. Біз үшін кәсіпкерлерді қолдау ғана емес, жастардың технологияға деген қызығушылығын арттыру да аса маңызды. Себебі болашаққа бастайтын ең үлкен мүмкіндіктер осы IT мен AI саласында жатыр. Бұл шараның жүзеге асуына үлес қосқан серіктестеріміз бен демеушілерімізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Ортақ күш-жігеріміздің арқасында бұл іс-шара сәтті өтті, – деді Astana Hub бас директоры Магжан Мадиев.

Astana Hub Battle 2025 жеңімпаздары жеті номинация бойынша анықталды. Алғашқы бес негізгі санаттың әрқайсысы $25 000 алды.

Best Social Impact номинациясында жасанды интеллектті мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын анықтауға және психологиялық қолдау көрсетуге пайдаланатын WeGlobal.AI жеңіске жетті. Жүлдені inDrive негізін қалаушысы әрі бас директоры Арсен Томский табыс етті.

Discovery of the Year номинациясында Паркинсон ауруын ерте кезеңде анықтауға арналған мобильді қосымша мен білезік жасап шығарған MindShield үздік деп танылды. Марапатты ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев табыстады.

Exponential Growth номинациясының жеңімпазы – мемлекеттік органдарға, университеттерге және емтихан орталықтарына академиялық адалдықты арттыруға және көшіру фактілерімен күресуге көмектесетін TrustExam AI стартабы. Жүлдені Telegram негізін қалаушысы әрі бас директоры Павел Дуров табыстады.

Ticket to the Future (Astana Hub Ventures-тен SAFE) номинациясында шағын және орта бизнес үшін жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін операциялық жүйе ұсынатын Moon.AI стартабы жеңімпаз атанды. Жүлдені Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев табыстады.

MA7 Award (MA7 Ventures атынан) номинациясында қазақстандық DeepTech-стартап Mirai Tech топ жарды. Компания жасанды интеллект пен автономды қуаттандыруға негізделген спорт пен реабилитацияға арналған тозылмайтын сенсорлар әзірлеуде. Жүлдені MA7 Ventures негізін қалаушысы Мұрат Абдрахманов табыстады.

«Қазақтелеком» АҚ арнайы грант ретінде құны $25 000-ға тең GPU-ресурстарды ұсынды. Оны стоматологиялық клиникалар мен медицина орталықтарына арналған бұлтты ERP/CRM платформа ұсынатын MacDent жеңіп алды. Жүлдені «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин табыс етті.

Сонымен қатар Yandex Qazaqstan Startup Spotlight Award арнайы марапаты flection.ai стартабына берілді. Бұл жоба – инсульттен кейінгі оңалтуды жасанды интеллектке негізделген ойындар арқылы жеңілдететін веб-платформа. Жүлдені Yandex Cloud компаниясының Қазақстан және Орталық Азиядағы маркетинг бойынша директоры Жанар Махамбетова табыстады.

Біз ешқандай инвестиция тартқан жоқпыз, бизнесті өз күшімізбен дамыттық. Бүгінде біз өзімізді өте сенімді сезінеміз және жаңа нарықтарды бағындыруға дайынбыз. Алдағы жоспарымыз – АҚШ, Канада және Ұлыбританияға шығу. Қазірдің өзінде Ұлыбританиядағы ірі ұйыммен келісімшартқа қол қойдық, болашақта онда жылына 4 миллион адамға дейін қызмет көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Біздің стартапқа 5 жыл толды, ал Astana Hub Battle-дегі бұл жеңіс – дұрыс жолда екеніміздің айғағы, – деді Astana Hub Battle 2025 жеңімпазы, TrustExam AI стартабының негізін қалаушысы Нұралы Сарбақыш.

Astana Hub Battle-ға MVP немесе PMF сатысында масштабталатын жобалар қатысты. Биылғы жылы байқауға Қазақстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, АҚШ және БАӘ елдерінен өтінімдер түсті.

Еске салайық, Digital Bridge 2025 халықаралық форумы 2–4 қазан аралығында Астанада өтуде. Бұл – Орталық Еуразиядағы технология және жасанды интеллект саласындағы ең ауқымды іс-шара, ол әлемдік индустрия көшбасшыларының, инвесторлардың, сарапшылардың және стартаптардың басын қосты.

Биылғы форум серіктестер мен демеушілердің қолдауының арқасында ұйымдастырылды. Барлық шығын демеушілік қаражат есебінен жабылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: