Сәрсенбі, 01 қазан, 12:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Цифрлық серпіліс: Қазақстанда ЖИ саясатын үйлестіретін жаңа кеңестің отырысы басталды

01.10.2025

53 0

Фото: Артём Чурсинов

Астанадағы ЕХРО халықаралық көрме орталығында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Күн тәртібіне «Адами капитал және білім беру саласындағы жасанды интеллект» тақырыбы шығарылған.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев отырысқа модераторлық етеді. Дөңгелек үстелге қатысушылар қатарында Премьер-министр Олжас Бектенов, Президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, сонымен қоса салалық министрліктің министрлері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар бар.

Кеңестің рөлі мен міндеттері

Аталған орган консультативтік-кеңесші сипатқа ие болып, жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Кеңес жұмысы кадрлардың біліктілігін жетілдіруге, қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруға және жаңа идеялар мен технологияларды қолдауға бағытталады.

Қатысушылар құрамы

Кеңестің жұмысына әлемдік деңгейдегі сарапшылар, ғалымдар, технология саласының жетекші өкілдері және мемлекеттік органдардың жауапты тұлғалары тартылған.

Күн тәртібіндегі мәселелер

Жиында бірқатар негізгі тақырыптар қарастырылмақ:

адами капиталды дамыту;

білім беру саласында ЖИ технологияларын енгізу;

мамандар даярлауда және экономиканың түрлі секторларына жасанды интеллектіні қолдану тетіктері.

Күтілетін нәтиже

Бұл отырыс Қазақстандағы жасанды интеллект технологияларын дамытудың жаңа кезеңін бастап, елдің инновациялық даму стратегиясында айрықша орын алады деп болжануда.

Айта кетейік, Қазақстанның цифрлық технология, ғылыми зерттеу және инновация салаларында аймақтағы көшбасшы мәртебесін нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі – Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес.

Еске салайық, ертең, 2 қазанда Астанада Орталық Еуразиядағы ең ірі халықаралық технологиялық форум – Digital Bridge басталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: