Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында Орталық Азиядағы ең ірі білім беру жобаларының бірі – қазақстандық Qalan платформасы ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мектептегі білім беру мәселелерін шешуге бағытталған әзірлеме – Мемлекет басшысының сапалы білімге тең қол жеткізуді және білім беру үдерісін цифрландыруды қамтамасыз ету бойынша қойған міндеттерін жүзеге асырудың практикалық үлгісі.
Жоба көптеген оқушылардың математиканы оқуға деген қызығушылығы 5-6-шы сынып деңгейінде тоқтаған кезде жиі кездесетін мәселені шешеді. Ол үшін компания заманауи технологиялар мен жасанды интеллект көмегімен оқудың жалғастығын сақтауға және мектеп оқушыларын жоғары сыныптарға дейін сүйемелдеп жүруге мүмкіндік беретін бірегей модель әзірледі.
Біз өз жобамызды оқушылар мен олардың ата-аналарының нақты мәселелерін шешуден бастадық. Өздеріңіз білетіндей, көптеген математика бағдарламасы 5-6-шы сыныптарда тоқтайды. Бірақ біз математика, технология және жасанды интеллект көмегімен пәнді оқуды үзбей соңына дейін жеткізуге мүмкіндік беретін бірегей модель жасадық, — деп атап өтті платформаны әзірлеуші Садық Шерімбек.
Бүгінгі таңда Qalan экожүйесінде 1 млн-нан астам оқушы тіркелген. Платформа Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Ресей нарықтарында табысты жұмыс істеуде, ал жақында Иордания, Мысыр, Қырғызстан және Катар мемлекеттеріне шықты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!