Алматы қаласында FAIO 2025 – жасанды интеллект бойынша екінші халықаралық олимпиада бүгін басталды, ертең 31 қазанда аяқталады. Бұл ЖИ саласындағы оқушылардың ең ірі командалық жарысы, деп жазады Egemen.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше енді Алматыда финалда 7 елден келген 51 команда тартысқа түседі.
Халықаралық бәсеке 2024 жылы алғаш рет өткізіліп, оған еліміздің әр өңірінен 300-ден астам команда қатысып, олимпиада финалистері Бейжің қаласында өткен Халықаралық AI олимпиадасында (IOAI) жоғары нәтижелерге қол жеткізген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
