Сейсенбі, 11 қараша, 02:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

iPhone үшін WhatsApp-та жаңа мүмкіндік пайда болды

13.10.2025

433 0

Фото: pixabay

WhatsApp мессенджерінің iOS жүйесіне арналған бета-нұсқасында қолданушыларға фотосуреттер мен бейнелердің сапасын басқару мүмкіндігі қосылды. Бұл жаңалық туралы WABetaInfo (WBI) басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа функция 25.29.10.71 нұсқасында қолжетімді және екі режим ұсынады:

  • «Стандартты сапа» – интернет-трафикті үнемдеу үшін файлдарды қысқартып жібереді;
  • «HD сапасы» – сурет пен бейненің бөлшектерін барынша сақтайды.

Осылайша, қолданушылар енді интернет-трафик пен құрылғы жадын үнемдей отырып, файл сапасын өз қалауына қарай реттей алады.

Параметрлерді «Сақтау және деректер» бөлімінен табуға болады. WBI-дің түсіндіруінше, егер жіберуші суретті HD форматында жолдаса, WhatsApp сервері екі нұсқаны – стандарты және HD сапада – сақтайды. Алушы өз құрылғысындағы параметрлерге қарай бірін таңдай алады немесе жоғары сапалы нұсқаны қолмен аша алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: