Дүйсенбі, 20 қазан, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан көшелерінде ЖИ бар камералар орнатылады: Жүйе адамдардың түрі мен көліктердің нөмірін анықтай алады

20.10.2025

138 0

Фото: Gov.kz

Қазақстанда қоғамдық орындарда тәулік бойы бақылау жүргізетін Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жаслан Мадиев дүйсенбі күні өткен тұрақты даму мақсаттарын іске асыру барысын бақылау жөніндегі парламенттік комиссияның XI отырысында сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында цифрлық трансформацияның елдің тұрақты дамуына қосатын үлесі туралы сөз қозғады.

«Болашақта жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, қоғамдық кеңістіктерді тәулік бойы бақылайтын Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Жүйе адамдардың бет-бейнесін, көлік нөмірлерін автоматты түрде танып, төбелес, адамдардың көп жиналуы немесе қараусыз қалған заттар сияқты күдікті жағдайларды анықтай алады», – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: