Ішкі істер министрлігі дрондарды басқаратын мамандар үшін арнайы зертхана мен полигон ашылды. Министр Ержан Сәденов ІІМ Басқару академиясы базасында сынақ алаңымен арнайы танысып қайтты, – деп хабарлайды kursiv.media
Мұнда 3D-принтерлерді пайдалана отырып бөлшектерді жобалау және дайындаудан бастап, дрондарды құрастыру, техникалық баптау және сынақтан өткізуге дейінгі барлық кезеңдер орындалады. Курсанттар тек пилоттау дағдыларын меңгеріп қана қоймай, FPV-дрондардың құрылымын, оны пайдалану ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Полигонда мамандар дронды шебер басқаруды, түрлі қиындықтар кезінде қалай әрекет ету керектігін нақты жағдайларға ұқсас жерде жаттығып үйренеді. Сонымен қатар, Ashyq Aspan Foundation қорымен бірге жаңа оқу бағдарламасы енгізілді. Енді мамандар FPV-дрондарды (көзбен көріп басқаратын жылдам дрондар) игеріп, күрделі жағдайларда жылдам шешім қабылдауды үйренеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
